Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауа райы және климат. Климаттың ғаламдық өзгерістері

Автор:   •  Апрель 4, 2021  •  Реферат  •  2,959 Слов (12 Страниц)  •  705 Просмотры

Страница 1 из 12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:Ауа райы және климат. Климаттың ғаламдық өзгерістері.

                                                  Орындаған: Ережеп Аружан

                                           Тобы:ПИК-19-18к

Қабылдаған: Ибраимова А.Қ

Шымкент 2019

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Қоңыржай белдеулердегі ауа райының өзгерісі

2.2 Климаттық аудандастыру негіздері

2.3 Климаттың өзгеруі

2.4 Жергілікті ауа райына байқау жасау жолдары

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Ауа райы жəне климат. Климаттың ғаламдық өзгерістері.

Ауа райы – дегеніміз атмосфераның төменгі бөлігінің белгілі бір уақыт аралығындағы (тəулік, апта, ай) жағдайын сипаттайтын ұғым болып табылады. Ауа райы нақты мағынасында алғанда адам өміріне əсер ететін аса маңызды метеорологиялық жағдай мен атмосфера құбылыстарының жиынтығынан құралады.

Ауа райының ең басты элементтеріне атмосфералық қысым, температура жəне ауа ылғалдылығы жатады. Ауа райы құбылыстарына жел, бұлттар, атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау) түрлері жатады. Кейде бұл құбылыстар апаттық сипат алып, дауыл, нөсер жаңбыр, құрғақшылыққа ұласуы мүмкін. Осы құбылыстардың барлығы дерлік тропосфера қабатында қалыптасып, жүзеге асады.

Ауа райының барлық элементтері мен құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде екіншісінің өзгерісіне, тұтастай алғанда ауа райының өзгерісіне ұласады.

Ауа райына тұрақты бақылау жасау арқылы тəуліктік ауа райының кешенді түрлерін анықтауға мұмкіндік берді. Олар аязды ара райы, 0 градус арқылы өтпелі ауа райы, аязсыз ауа райы деп бөлінеді.

Ауа райы үнемі өзгеріп тұратындықтан, ауа райы өзгерісі мерзімді жəне мерзімсіз сипат алады. Мерзімді өзгерістер күн сəулесінің тəуліктік жəне маусымдық түсу сипатына, ал мерзімсіз өзгерістер ауа массаларының циркуляциясына тəуелді болып келеді.

Ауа райының жылдам өзгерістері экватор маңында айқын байқалады. Таңертең күн сəулесі жер бетін жылдам қыздырады, сол себепті булану көрсеткіші  жоғарылайды. Жоғары көтерілген ыстық əрі ылғалды өрлеген ауа ағыны будақ бұлттарды түзіп, олар найзағай ойнаған нөсер жаңбырлар алып келеді. Түстен кейін күн қайтадан ашылып, ашық ыстық ауа райы орнайды.

Қоңыржай белдеулерде ауа райының өзгерісі күн сəулесінің маусым бойынша түсу мөлшеріне, ауа массаларының қозғалысына, атмосфералық фронттардың өту жиілігіне байланысты болады.

Жылы фронт өткен жағдайда қабатты-жауынды бұлттар түзіліп, ақ жауынға айналуы мүмкін. Жылы фронт келуінің ең басты белгісі – шарбы бұлттардың пайда болуы. Олар біртіндеп аспан кеңістігін толық жабатын шарбы-қабатты бұлттарға айналады.

Тропосфераның жоғарғы қабаттары арқылы жылы ауа ағыны жылжиды, қысым төмендейді. Фронт сызығы жақындаған сайын бұлттар қоюланып, төмендей түседі. Жел жылдамдығы артып, бағытын күрт өзгертуі мүмкін. Фронтқа 300-400 км қалғанда бұлттар одан əрі қоюланып, ұсақ жаңбыр немесе қар жауа бастайды.

Фронт өтіп кеткен соң, бұлттар сейіліп, күн ашылады. Жылы ауа массасының келуіне байланысты жылы, ашық ауа райы қалыптасады.

Суық фронт жағдайында жылы ауа тез арада суық ауамен ығыстырылады. Аспанда будақты, будақты-жауынды бұлттардың қалың қабаты түзіледі. Суық фронт кезінде түзілетін бұл бұлттар күн күркіретіп, найзағай ойнататын нөсер жаңбырлар əкеледі.

Жаңбыр кезінде суық, өкпек желдер соғуы мүмкін. Олар 2030 км биіктік аралығын қамтып, бұлттардың жылдам қозғалуына ықпал жасайды. Сондықтан суық фронттың өтуі ұзаққа созылмай, 15-20 минут, əрі кетсе 2 сағатқа созылуы мүмкін. Одан кейін аспан шайдай ашылып, ауа райы бастапқы қалпына келеді.

...

Скачать:   txt (41.2 Kb)   pdf (812.6 Kb)   docx (631.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club