Алматы туралы 100 факт
Автор: tolebievaa • Сентябрь 22, 2018 • Реферат • 496 Слов (2 Страниц) • 824 Просмотры
Алматы туралы 100 факт
Алматы қаласы туралы қызықты фактілер өте көп. Жалпы қазақтар үшін орны ерекше қалалардың бірі болып саналатын Алматы қаласының тарихы да өте қызықты. Мысалы Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан Республикасының әр бір қаласы өзінше көркейіп, өзінше дами бастады.
Мысалы Алматы туралы айтсақ , жаңа трассалар, көпірлер,бұлттармен жарыса салынған биік-биік зәулім ғимараттар , жаңа оқу орындары, тұрғын үйлер және тағы басқа да жаңа кешендер салына бастады. Мен үшін Алматы тарихымен ерекшеленеді. Алматының 2,5 мың жылдық тарихы бар. Кішігірім тарихына жүгінсек б.з.д. 7ғ.-б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. 1560-1564 жылдары Жетісу жерінде Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының іргесі қаланған жер Алматы маңындағы Қозыбасы деген тау еді. Қазір бұл жер- Алматы облысы, Самсы темір жол бекеті. Ал 1730 жылы Алматыдан 70 шақырым жерде орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті. 1854 жылы күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Соғыс жылдары Қазақ опера және балет театры, ал 1950 жылы Қазақстан ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынған болатын.Тәуелсіздік кезеңінде 1997 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.1998 жылдан бастап Алматы ғылыми, мәдени,тарихи,қаржылық және өндірістік орталық болды.
Енді Алматы туралы бір факт айтсам. Алматыда ұлы қазақ ақын жазушыларына ,батырларға, ұлы тұлғаларға арнап салынған ескерткіштер, көшелер көп. Бұл дегеніміз « Ер есімі- Ел есінде» демекші, олардың қазақ халқына жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпай, кейін болашақ ұрпаққа олардың еңбегін дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Балаларды , оқушыларды немесе шет елден келген азаматтарға осындай ұлы тұлғаларды көрсетуге
...