Абай облысы
Автор: Мейрашев Нуралы • Декабрь 11, 2023 • Реферат • 7,058 Слов (29 Страниц) • 159 Просмотры
Абай облысы — 2022 жылы құрылған Қазақстанның шығысындағы облыс. Әкімшілік орталығы – Семей қаласы.
Абай облысы оңтүстігінде Жетісу, солтүстік-батысында Павлодар, батысында Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.
19 ғасырда Абай өңірінде Орта жүздің Найман (бұра, тәуке, қаратай, қаракерей, матай, садыр, төртуыл, терістанбал, ақнайман, байжігіт, жұмық, қарауылжасақ, сыбан), Арғын (Бәсентиін, Қаракесек, Тобықты), Тарақты, Керей және Уақ рулары мекендеген.
1939-1997 жылдары осы өңірде әкімшілік орталығы Семей қаласы болған Семей облысы болды. Семей облысы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен құрылып, 1997 жылы 3 мамырда Н.Назарбаевтың Жарлығымен таратылды, аумағы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.
2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, онда Абай ауданын құруды ұсынды.
2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен облыс құрылып, құрамына 1997 жылға дейін бұрынғы Семей облысының құрамында болған аудандар кірді.
Облыстың 2022 жылғы әкімшілік бөлінісі
Облыс құрамына енген аудандар мен қалалар:
Абай ауданы
Ақсуат ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Курчатов қаласы
Семей қаласы
« Жарманың жеті қыры»
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты басшылыққа ала отырып Жарма ауданының көркем табиғаты, тарихи орындары, аңыз-шежірелері -ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра екендігін еске салады.
«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.»
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: "Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың, тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген" деп атап айтқан. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.
Жарма ауданы – туған өлкем .Туған жеріне деген сүйіспеншілік Отанға деген сүйіспеншілікпен тығыз байланысты. Отанға , туған өлкеге сүйіспеншілігінің кепілі.
Қалба – Шар өңірі апты алашқа танылған арыстарымен , атақты әнші – күйшілерімен , бүлбүл ақындарымен булығалы батырларымең , шешен билерімен, әйгілі спортшыларыменбе кеңінен белгілі.
Кешегі « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында , батырының басы алынып, ақынының тілі кесіліп , жан алысып , жан беріскен шайқастарда елін жерін қорғаған Боранбай би, Нарбота батыр, Ер Жәнібек , Қонақай Бекжан , Қарақожа , Шөңкей , Алтыбай батырлар есімдерінің аудан тарихында берік орны алуы жаңарған тарихымыздың шынайы көрінісі. Жарма жерінен жұртшылыққа танымал ақындар Әріп Тәңірбергенұлы , Түбек Байқошқарұлы , Сапарғали Әлімбетов, Садыр Жәлекұлы, ғалым - жазушылар Әди Шәріпов і Әзілхан Нұршайықов , Тұрсынхан Әбдірахманова , қазақ зиялылары және өнер шеберлері Ыдырыс Мұстамбаев , Әзімбай Лекеров,Роза Рымбаева, Әлемге әйгілі балуан Даулет Тұрлықанов сияқты көптеген атақты адамдар түлеп ұшты.
...