Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?

Автор:   •  Декабрь 6, 2023  •  Эссе  •  395 Слов (2 Страниц)  •  236 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

“Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?”

    Қазіргі заман талабына сай,әлемдік жаһандану үрдісінен тыс қалмау үшін өзіңнің бойыңа біткен қасиетің мен өнеріңді тани да таныта білу өз қолыңда...

    Кәсіп деген не?Қазіргі заманауи кезеңде болашағын болжай білетін жастарға мүмкіндік мол."Кәсібіңді таба білсең,нәсібің мол",-деген ата-бабамыздың ұлағатты сөзі неге тұрады?

Арыдан қозғасам ұланғайыр жерді мекен еткен ата-бабамыз ішсе тамақ,кисе киім,тұрса тұрақ,шөлдесе сусын,мінсе көлік болған төрт түлік малды кәсіп қылған.Әрине,ол заман мен бұл заманды салыстыруға келмейді.Менің өз басыма келсем,осы тақырып төңірегінде мектеп қабырғасында жүргенде де көп ойландым."Ойдың түбі тұңғиық батасың да кетесің",-дегендей ойлана келе,адам жанының жанашары ақ халатты абзал жан болуды қаладым.

 Қазіргі кезде осы медицина саласы бойынша фармацевт технолог мамандығын оқып жатырмын.Бұл мамандыққа біз елімізге керекті дәрі-дәрмектерді,әртүрлі ауруды емдейтін жақпамайларды дәрілік өсімдіктерден жасап,өндіріп,халқымызды емдеуге үлесімізді қосамыз.Менің ойымша бұл мамандық ең маңызды,керекті мамандықтардың бірі.Әрине,барлық мамандықтар маңызды,алайда бұл мамандық болмаса тіпті хирургтың өзі де адам өмірін құтқара алмас еді.Қалай дейтін шығарсыздар? Дәрі-дәрмектер болмаса дәрігерлердің де шамасы жетпейді.Сондықтан ең маңызды мамандықтардың бірі деп санаймын.

Кәсіпқой маман болу үшін не кедергі келтіреді?Осы сұраққа былай жауап берейін:Көп жағдайда ата-аналар балаға жауапкершілік,ынта жігер беріп толық таңдау еркін баланың өзіне береді.Бірақ кей жағдайда ата-аналар баланы кішкентай санап,таңдау жасай алмайтын,жауапкершілікті әлі сезінбеген деп санап олардың таңдауымен келіспей жатады.Көбінесе ата-аналары өздерін көрсете алмаған саласында балаларын көргісі келеді.Бұл әрине мамандықты таңдауға кедергі келтіреді.Бұдан бала қалай жетіледі? Бала өзінің келер болашағын ойламаса,алдына мақсат қойып соған жетемін деп талпынбаса,онда ол әрі қарай жетістіктерге жете алмайды.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (60.1 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club