Негізгі гистосәйкестік комплекс, HLA жүйесі
Автор: nurbergen95 • Май 29, 2018 • Реферат • 809 Слов (4 Страниц) • 1,574 Просмотры
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
Негізгі гистосәйкестік комплекс, HLA жүйесі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- HLA антигендерінің жіктелісі.
- HLA антигендерінің аурулармен
байланысуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Негізгі гистосәйкестік комплекс барлық сүт қоректілерде және құстарда табылған. Тышқандарда бұл комплекс H2 антигендер, адамдарда HLA жүйесі кіреді. 1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерінде осы антигендерді бірінші ашқан француз ғалымы Ж.Доссе.
HLA жүйесі адамның 6 хромосомасының қысқа иығында орналасқан және оған 5 локус кіреді: A,B,C,D,DR. Хромосоманың центромерасынан бастап локустар орналасуы: D(DP,DQ),DR,B,C,A. Әр локусқа гендердің өте көп аллельдік варианттары кіреді, оларды арнайылықтары деп атайды және арабша цифрлармен белгілейді.
[pic 1]
HLA антигендерінің жіктелісі
[pic 2]
[pic 3]
HLA жүйесінің өнімдері І және ІІ класс антигендері болып табылады.І классқа HLA антигендерінің А,В,С локустарын жатқызады, ал ІІ класқа HLA-D аймақтарының өнімдерін жатқызады.
- HLA жүйесінің I класс антигендері – екі ковалентсіз байланысқан полипептидті тізбектен тұратын полипептидтер болып келеді: олардың бір тізбегі – ауыр, полиморфты; екінші тізбегі – хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен кодталған. HLA жүйесінің I класс антигендері трансплантациялық антигендердің синтезін шақырушы А,В және С локустарына бөлінеді. HLA жүйесінің I класс антигендері барлық ядролы жасушаларда экспрессияланған, соның ішінде Т- лимфоциттерде және олар өзінікін тануда ең маңызды қызмет атқарады, өйткені Т-киллер антигендік детерминанттарды тек HLA I класс антигендерімен қосып таниды.
[pic 4]
- HLA II класы гендеріне DQ, DP, DR локустарының гендері кіреді. Ол гендердің арасында иммундық жауаптың гендері, оның күшін реттейтін гендер жатады. HLA II класс антигендері В-лимфоциттерде, макрофагтарда, дендритті және Лангерганс жасушаларында, т.б. Белсендірілген Т-лимфоциттерінде орналасқан.
[pic 5][pic 6][pic 7]HLA III класс антигендерге комплемент жүйесінің нәруыздары (С2, С4 комплемент компоненттері) мен ВҒ-пропердин жүйесінің В факторы жатады. С2 мен пропердиндік фактор – молекулалық деңгейі 100 және 90 кД тұратын протеиндердің пептидтік тізбектері болып келеді.
HLA антигендерінің аурулармен ассоциацияларын түсіндіретін бірнеше теориялар мен қағидалар белгілі. Соңғы уақыттағы жетістіктер жаңа аурулар патогенезімен байланысты гипотезалар байланысты. Қазіргі гипотезаға сәйкесті, аурулармен ассоциацияған ауруды қабылдаушы гендермен немесе аурудың бейімділігін анықтайтын шынайы гендермен тіркескен локустардың маркерлері болып табылады .
Дүние жүзілік ДСҰ мәліметтері бойынша, көптеген аурулар кезіндегі HLA антигендерінің арасында байланысы бар, олар: ревматоидты, эндокринді, тері, гематологиялық, аллергиялық, неврологиялық, инфекциялық аурулар, қатерлі ісіктер және т.б. HLA антигендерінің таралуы географиялық, этникалық, расалық т.б. Факторларға байланысты болады .
Ең маңызды корреляция ол HLA В27 антигеннің анкилозды спондилоартритпен /Бахтерев ауруы/ байланысы. Бұл антигеннің жоғары болуы барлық этникалық топтарға тән болып шыққан. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл антиген анкилозды спондилоартритпен ауыратын науқастардың 67-94% кездеседі.
[pic 8]
[pic 9]
Сонымен қатар, басқа авторлардың айтуы бойынша, HLA В27 ревматоидты артрит, сакроилеит, атипиялық қабыну артритінде, артропатия кезінде де кездеседі.Аурудың “шартты қауіп қатер” деген түсінік медицинаға HLA антигендерінің ауруға бейімділігімен немесе тұрақтылығымен ассоциациялық деңгейін белгілеу үшін енгізілген. Соңғы жылдары, генотиптеуге өтудің нәтижесінде, DR4 нәруыздарды кодтаушы әртүрлі аллельдер өздерінің қарама қарсы көрінісімен көрінеді:аллельдің бір бөлігі ауру дамуының ассоциациясының жоғары дәрежесін игереді, ал басқасы болса протективті болады. Нәтижесінде бейімделу аллельдермен ассоциацияланған салыстырмалы қауіпті 7ге дейін өсті.
...