Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің қалыптасу және даму негіздемелері

Автор:   •  Февраль 15, 2018  •  Курсовая работа  •  2,191 Слов (9 Страниц)  •  2,470 Просмотры

Страница 1 из 9

                                                   МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің қалыптасу және даму негіздемелері..5

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҰНАЙ ЖОБАЛАРЫН САРАПТАУ

2.1 Қазақстан аумағындағы басты мұнай жобаларын сараптамалау.................7

III ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ТӘУЕЛДІЛІК ФАКТОРЫ

3.1 Қазақстан экономикасының мұнай өнеркәсібіне тәуелділігінің салдары.10

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................12

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................13

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан экономикасындағы мұнай өнеркәсібінің рөлін анықтау, әсер ету факторлары мен салдарын талдау.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы халық шаруашылық жиынтығының тұрақты әрі қарқынды дамуы базалық және алдағы орындағы өнеркәсіп – мұнай өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты. Республикамыз ТМД елдері арасында мұнай шаруашылығы, мұнайды өндіру көлемі, ашылған қорлар көлемі бойынша Ресейден кейін екінші орында тұр. Мұнай өндірудің үлестік салмағы арқылы оның ел экономикасындағы құраушы коэффициентін де анықтауға болады.

Бұл тақырыпты таңдау себебім – мұнай өнеркәсібінің әлемдік экономика аренасында алатын орны ерекше, ол тек әлемдік экономика жағдайында ғана емес, біздің еліміздің де экономикасына да тигізер үлесі айтарлықтай. Мұнай саласы – экономикамыздың тіреушісі.

Еліміздің экономикасының табысты дамуындағы мұнай өнеркәсібінің рөлі мәлім. Президентіміздің Қазақстан халқына 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында берілген сала ел экономикасындағы басты орындағы салаларына жатқызды. Мұнай саласы экономиканың басқа да салаларының дамуына әсерін тигізеді. Бұл салалар мұнай өнеркәсібімен тығыз байланыста болмауы да мүмкін. Бұл өнеркәсіп саласы отандық энергетика, көлік құрау, жеңіл өнеркәсіп, тарнспорттық тасымалдар салаларына және жалпы инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.

Курстық жұмысты орындау барысындағы міндеттер:

- еліміздегі мұнай өнеркәсібінің қалыптасу факторларын талдау;

- мұнай өнеркәсібінің даму негіздерін қарастыру;

- Қазақстан аумағындағы басты рөлдегі мұнай жобаларын сараптау;

- еліміздің экономикасына мұнай экономикасының әсері мен әсер ету салдарын талқылау.

Зерттеу жұмысында мұнай өнеркәсібінің ел экономикасына әсері толықтай ашылады. Бұл өнеркәсіп тұрінің қалыптасу негіздері мен принциптері, әрине, еліміздің географиялық ыңғайлы орналасуы мен тау-кен саласының жақсы дамуы мен мұнай қорларының барлау және эксплуатациялау үшін жеткілікті болуымен орнығады. Мұнай шикізаты басты түрде импортқа шығарылады. Және бұл саладан келетін басты табыс түрі қазіргі уақытта еліміздің және шетелдік компаниялардың салығы болып табылады. Әрине, бұл сланың да өзіндік кемшіліктері бар. Бірақ экономикамыздың бұл салаға тәуелділігі көп жағымды жағынан белгілі.

     I Мұнай өнеркәсібінің Қазақстанда қалыптасу негіздері

  1. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің қалыптасу және даму негіздемелері

Қазіргі уақытта мұнай өнеркәсібі жалпы тау-кен өнеркәсібінде алдағы орында.

Қазақстандағы шикі мұнайды өндіру көрсеткіштері жыл сайын артуда. Жалпы көлемде мұнай экспорты мөлшері соңғы бес жылда 15,1%-ға артқан. Экспортталушы мұнайдың үштен төрт үлесі шетелдерге, ал қалған бөлігі ТМД еледріне жолданады.

Елімізде мұнай өндірісімен 46 кәсіпорын мен өнеркәсіптер айналысады. Батыс Қазақстан аумағы мұнай отаны болып саналады. Атырау облысында орналасқан «Қазмұнайгаз» мемлекетіміздегі мұнай өндірісінің 1/3 бөлігіне ие. Маңғыстау облысындағы ААҚ «Маңғыстаумұнайгаз» және ААҚ «Үзенмұнайгаз» кәсіпорындары барлық республикадағы мұнай өндірісінің 26% ие.

...

Скачать:   txt (35.2 Kb)   pdf (134.7 Kb)   docx (26.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club