Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері
Автор: MMM 666 • Сентябрь 29, 2021 • Лекция • 2,007 Слов (9 Страниц) • 853 Просмотры
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 3 С Е М И Н А Р Л Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып : Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері
ЭЭк 21-15 тобы
Орындаған : Балыкбаев Мерей
Тексерген: Берлібаев Бақдаулет
29.09.2021ж
•Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері:
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б. жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ, мысалы: соғыс және жер мәселелерін.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды.
Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден) "Алаш қозғалысы" басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен құлатылды.
• Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері:
1917жылы 5-13желтоқсанда Орынборда 2ші Бүкілқазақ сьезі өтеді.Оған Орал,Торғай,Ақмола, Семей,Жетісу,Ферғана,Сырдария,Каспий бойы,Бөкей Ордасынан 80 делегат қатысты.Құлманов-төраға, Бөкейханов,Досмұхамедов,Кенесарин,Қарашев-орынбасар, Дулатов,Қадырбаев-хатшы. Сьезд Қазақ автономиясын құру туралы шешім шығарды.
Оны Алашорда деп атауды ұсынды. Алашорда 25 адамнан тұру керек болды.Сьезде үкіметтің 15мүшесі сайланды, 10орын орыстар мен басқа ұлттарға берілді. Төрағасы - Бөкейханов. Міндеті милиция жасақтау. Алаш астанасы — Семей қаласы еді. Азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алаш үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алашты Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен алыстатып, алдап-арбап , қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919-1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.
...