Экономикалық қатынастар
Автор: Arujend • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 493 Слов (2 Страниц) • 255 Просмотры
Адамның және қоғам өмірінің негізі шаруашылық қызмет,өндіріс болып табылады. Өндіріс – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі. Өндіріс мақсаты ол адамның еңбегін,еңбек заттары және еңбек құралдарының көмегімен іске асады, еңбек процесі
Экономикалық қатынастар —олар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастың сипаты өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік формаларымен анықталады. Ол 1-ден өндірістік қатынастарға байланысты, 2-ден өндірістік емес сфераға байланысты болды. Ұйымдастырушылық қатынастар өндіріс,бөлу,айырбастың қалай ұйымдастырғандығына байланысты. Ұйымдастыру формалары: еңбек бөлінісі,еңбек кооперациясы,өндіріс концентрациясы және централизация (орталықтандыру) және т.б. жатады. Тарихи даму кезеңдерін атайтын болсақ:
1. қарапайым еңбек кооперациясы
2. мануфактура
3. машиналық өндіріс
Еңбек – материалдық және рухани игіліктерді, қызметтерді қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі.
Еңбек заттары – дайын өнімді жасау мақсатында адамдардың бір нәрсеге еңбек арқылы әсері немесе адамдардың әсер ететін заты.
Еңбек құралдары – еңбек заттарына әсер ететін құралдар.
Қандайда бір товарды өндіруге қажет еңбек заттарымен еңбек құралдары өндірістік құрал-жабдықтар деп аталады.
Игіліктерді өндіру кезінде 1-ден адам мен табиғат арасында қатынас орнайды оны өндіргіш күштер деп аталады,ал 2-ден адамдар арасында қатынас орнайды,оны экономикалық қатынастар деп атайды.
Өндіргіш күштер – жұмысшы күшімен заттай факторлар және олардың ара қатынасы. Өндірістік құралдар жаңа технологияның пайда болуымен жаңарады,өзгеріске ұшырайды.
Еңбек сапасы жағынан ұшырауы мүмкін, себебі, жұмысшының квалификациясын жоғарлататын ғылыми ұйымдар пайда болды, кәсіпкерлік қабілеттіліктің маңызы артады.
Еңбек кооперациясы – бір адамның басқаруы мен бірнеше адамның біртекті жұмыс түрін орындаумен байланысты.
Мануфактура – еңбек кооперациясының бір түрі,бірақ онда еңбек бөлінісі қатысады.
Машиналық өндіріс – еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін қамтамасыз етті.
Әлеуметтік экономикалық қатынастар адамдар арасында өндірістік жағдайға қатысты
...