СӨЖ бағалау критерийлері
Автор: s18013587 • Декабрь 4, 2018 • Реферат • 2,061 Слов (9 Страниц) • 1,339 Просмотры
СӨЖ бағалау критерийлері
Бағалау критерийі:
Барлық тапсырмалар талаптар толығымен орындалса 100 баллға бағаланады:
Есептеулердің дұрыстығы – 60,Қорытынды – 20,
Формулалар, кестелер, графиктерді тиімді қолдануы – 10,
Өзіндік жұмысты рәсімдеу – 10.
СӨЖ бағалау критерийлері
Өте жақсы | жақсы | қанағат | Қанағат емес |
- өзіндік жұмыстағы есептеулер толығымен талапқа сай орындалған; - статистикалық әдістерді өте жақсы меңгергенін, талдау жасай білетінін, сондай-ақ қорытынды жасай ала білетінін көрсетті; - есептеулерді компьютерлік қолданбалы программалардың пакетін тиімді қолданып жасаған; -есептеу нәтижелері қажетті формулалар, есептеулер, қысқаша түсіндірмелер, кестелер, графиктер тиімді қолданылып және талдау қорытындыларын келтіріп рәсімделген. | - өзіндік жұмыстағыесептеулерге қойылатын талаптар толық емес орындалған; - статистикалық әдістерді жақсы меңгергенін, талдау жасай білетінін, сондай-ақ қорытынды жасай ала білетінін көрсетті; - есептеулерді компьютерлік қолданбалы программалардың пакетін тиімді қолданып жасаған; - талдауда кестелер, схемалар, графиктер, диаграммалар қолдануда сәйкессіздіктер орын алған. | - өзіндік жұмыстағыесептеулер толық жасалмаған; - статистикалық әдістерді нашар меңгергенін көрсетті; -талдау жасалмаған, - қорғау кезінде студент өз жазбаларынан оқып берді; - кестелер, схемалар, графиктер, диаграммаларқұруда өресел қателер бар. | - өзіндік жұмыстағы есептеулерде өресел қателер бар; -талдау жасалмаған, - есептеу нәтижелері талапқа сай рәсімделмеген. |
Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар:
- Тапсырмадағы есептеулерді компьютерлік қолданбалы программалардың пакетін қолданып жасауға болады.
- Әрбір тапсырма вариант бойынша берілген деректерден және есептеу нәтижелері, қажетті түсініктемелерден құрылуы керек.
- Көрсеткіштерді есептеулер статистикада қабылдан дәлдігі бойынша коэффициенттер 0,001-ге дейін, ал пайыздар 0,1-ге дейін болу керек.
- Есептеу нәтижелерін қажетті формулалар, есептеулер, қысқаша түсіндірмелер, кестелер, графиктер және талдау қорытындыларын келтіріп рәсімдеу керек.
- Студент тапсырмаларды мерзімінен бұрын өткізуі керек. Егер жұмыста түзетуді және толықтыруды қажет етсе, оларды орындап қайта тапсыру керек.
- Тапсырма бойынша барлық орындаған жұмыстарыңыздың электрондық нұсқасы бір файлда тұру керек. Тапсырма орындалған файлдың атында Студенттің фамилиясы, топ нөмірі, тапсырма нөмірі болу керек. Мысалы: Базарбаев_Асылбек_ Ст-441_ Тапсырма1.
СӨЖ 1 тапсырмалары
Тақырыбы: «Статистикалық мәліметтерді топтау»
№1 қосымшада берілген көрсеткіштер бойынша деңгей аралықтары бірдей бірнеше топ құрыңыздар және әр вариантты зауыттардың мына мәліметтері бойынша жеке топтастырыңыздар:
а) Негізгі капиталдың орташа жылдық құны бойынша
1-вариант – 3 топқа бөлу арқылы
2-вариант - 4 топқа бөлу арқылы
3-вариант - 5 топқа бөлу арқылы
б) Шығарылған өнім бойынша
4-вариант - 3 топқа бөлу арқылы
5-вариант - 4 топқа бөлу арқылы
6-вариант - 5 топқа бөлу арқылы
в) Жұмысшылардың орташа саны бойынша
7-вариант - 3 топқа бөлу арқылы
8-вариант - 4 топқа бөлу арқылы
9-вариант - 5 топқа бөлу арқылы
Әр топ және жалпы жиынтық бойынша төмендегі көрсеткіштерді есптеңіздер:
- Зауыттардың санын;
- Негізгі капиталдың орташа жалпы құнын - барлығы және орта есеппен бір заытқа шаққанда;
- Жылдық шығарылған өнімді - барлығы және бір зауытқа шаққанда;
- Әр топтағы жұмысшылардың орташа санын;
- Бір жұмысшының орташа шығарған өнімін;
- Қор қайтымдылығын.
Есептелінген көрсеткіштерді кесте арқылы көрсетіңіздер және қорытынды жасаңыздар.
...