Маңғыстаудағы балық шаруашылығын қалпына келтірудің тарихи өзектілігі
Автор: Kataliya • Апрель 22, 2024 • Реферат • 9,718 Слов (39 Страниц) • 92 Просмотры
Маңғыстау облысының білім басқармасы
« №10 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Ғылыми жұмыстың авторы: Сандыбаев Ерлан Абайулы 11-сынып оқушысы
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:Маңғыстаудағы балық шаруашылығын
қалпына келтірудің тарихи өзектілігі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секция: Тарих
Жетекші: Серкбаева Гулнур Идреисовна
Математика пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекші: Қожабаева Каламқас Нұрақызы
Ғылым магистрі
Мұнайлы 2022
Аннотация
Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты: Маңғыстау өңіріндегі балық шаруашылығының даму тарихын тың мұрағат деректеріне сүйене отырып, зерттеу арқылы балық шаруашылығының даму кезеңдерін, ерекшеліктерін, жетістіктері мен қиыншылықтарын саралау. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
-Қазіргі таңда балық шаруашылығын қайта қалпына келтіру;
-Балық шаруашылығын дамытудағы орын алған жетістіктер мен қиыншылықтарды мұрағат деректері негізінде ашып көрсету;
-Маңғыстаудың балық шаруашылық саласының тарихын қарастыра отырып, оның бүгінгі күндегі ұлттық тарихымызда алатын орнын зерттеу;
Аталған міндеттердің барлығы таңдап алынған зерттеуіміздің маңыздылығын анықтап қана қоймай, сонымен бірге ұлттық тарихымызды толықтыра түседі.
Ғылыми зерттеудің кезеңдері: Деректерді жинақтап танысып, тарихнамалық шолу жасадық. Кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеті толық қамтылады. Зерттеу бөлімінде мен өзімнің шығармашылық деңгейімді көрсеттім. Бұл кезеңде МОММ және Маңғыстау облыстық мұражайға бардым.
Ғылыми зерттеудің әдістемесі: Ғылыми жұмысты жазу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, оларды жүйелеу, тарихи деректерге талдау жасау, салыстыру әдісі қолданылды. Зерттеу негізіне МОММ құжаттары пайдаланылды. Баспасөз құжаттарынан, статистикалық және құжаттық жинақтар материалдарынан мағлұматтар жинақталды. Зерттеу жұмысын талдауда біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістер негізге алынды.
Ғылыми зерттеудің хронологиялық шеңбері: ХІХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап қазіргі таңға дейінгі кезеңді қамтиды.
Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі: Облысымыздың балық кәсіпшілігінің кешегісі мен бүгінгіні саралап, ертеңімізге көз жүгіртсек, оның болашағы зор екеніне көз жеткіземіз, тек алғашқы сатысында мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігі туындап отырғаны баршамызға белгілі.
Ғылыми зерттеу жұмысының практикалық қолданылуы: Егер де Маңғыстаудағы балық шаруашылығы қайта қалпына келсе, халықаралық қатынаста қолданылар еді.
Аннотация
Основная цель научного исследования: анализ истории развития рыбного хозяйства Мангистауского регионапосредством изучения этапов развития, особенностей, достижений и трудностей рыбного хозяйства, опираясь на архивные данные. В связи с этим перед исследовательской работой были поставлены следующиие задачи:
- восстановление рыбного хозяйства;
- раскрытие достижений и трудностей, имевших место в развитии рыбного хозяйства;
- рассматривая историю отрасли рыбного хозяйства Мангистау, изучение его роли в нынешней национальной истории.
Данные задачи не только определяют важность выбранного исследования, но и дополняют национальную историю.
Этапынаучного исследования:провели историографический обзор
с знакомством и сбором данных, который состоит из введения, исследовательской части, заключения и использованной литературы. Введение содержит суть, цель и задачи работы. В исследовательской части демонстрировал (а) свой творческий уровень. На этом этапе посещал (а) Мангистауский областной государственный архив (далее – МОГА)
и Мангистауский областной музей.
...