Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік үлгісін талдау

Автор:   •  Март 30, 2021  •  Реферат  •  1,322 Слов (6 Страниц)  •  616 Просмотры

Страница 1 из 6

                                                                              Желтан Айдана 19-07

6-шы тақырып. Тұтыну және қор жинағы

  1. сағат)

Сабақтың мақсаты: Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік үлгісін талдау

Талдау сұрақтары

  1. Кейнстің тиімді сұраныс теориясы

Өзінің пайымдауларында Кейнс Сэй заңындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы себеп-салдар байланысының бағытын өзгертті, нақтырақ айтқанда: «жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысты тудырады». Оның мағынасы: «сұраныс бар тауар өндіру керек». Сондықтан да Кейнс теориясы «тиімді сұраныс теориясы» деп аталады..

  1. Тұтыну функциясы және қор жинағы функциялары.      

Тұтыну функциясы- жоспарланған тұтыну шығындарымен анықталады және жеке қолдағы бар табыс көлемі де ескеріледі.

Кейнстің классикалық мектеп өкілдерінен айырмашылығы, оның ойынша адамдардың өз табыстарын тұтыну мен қор жинағына бөлуі пайыз мөлшерлемесіне емес олардың талғамына байланысты. Осы тұжырымдама негізінде Кейнс адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін негізгі психологиялық заңды ашты. Ол заң бойынша: «адамдар табыстары өскен сайын тұтынуды көбейтуге бейім, бірақ оның көлемі өскен табыстың көлеміндей болмайды».  Яғни табыс өскен сайын тұтынуға бейімділік төмендейді, ал қор жинағына бейімділік артады.

     

  1. Инвестициялар мен олардың түрлері.Пайыз мөлшерлемесі және инвестиция функциясы.

Инвестиция – бұл пайда табу мақсатында мемлекеттік немесе жеке капиталдың ел экономикасына немесе шетел экономикасының әртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуы.

  Инвестициялардың негізгі түрлері:

  1.  Өндірістік инвестициялар (ғимараттар, құралдар).
  2. Тауарлы-материалдық қордағы инвестициялар (шикізаттар, материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімдер).
  3. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

Инвестицияға сұраныс қисығы пайыз мөлшерлемесінің әртүрлі деңгейінде салуға мүмкін болатын инвестиция көлемін көрсетеді. Пайыз мөлшерлемесі мен инвестиция көлемінің арасында кері байланыс болады.

4.Автономды және индуцирлі инвестициялар

Автономды инвестициялар- ұлттық табыстың өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар.Автономды инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы,халық санының өсуі,сыртқы нарықтардың кеңеюі,адамдар талғамының өзгеруі сияқты себептерге байланысты пайда болады.

5. Нақты болған шығындар мен жоспарланған шығындар. Кейнс Кресі

Жоспарланған шығындар үй шаруашылықтары, фирмалар және үкіметтің тауарлар мен қызметтер сатып алуға  жоспарлап отырған шығындар жиынтығы.

Нақты шығындар-кенеттен болған өзгерістер болғанда тауарлы-материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар салуға мәжбүр болған кезде пайда болады.

6. Үнемділік қайшылығы. Мультипликатор. Акселератор

Мультипликаторлық әсерді талдау экономикада ерекше құбылыс «үнемділік қайшылығының» бар екенін көрсетеді.

Үнемділік қайшылығының мәні: белгілі жағдайларда халықтың көбірек сақтауға  ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы.

Мультипликатор теориясы  Дж.М.Кейнстің еңбегінде  «Жалпы жұмыспен қамту теориясы, пайыз және ақша» қарастырылды.

Инвестиция  мультипликаторы (М1) –

инвестиция өсімінің негізінде  ұлттық табыстыңқанша көлемге көбеюін анықтаушы

 коэффициент.

Тест сұрақтары

1. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі С факторының мағынасы:

  1. Тұтыну шығындары.

2. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:

  1. Тұтынуға шекті бейімділікті.

3. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі G факторының мағынасы:

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (195.2 Kb)   docx (571.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club