Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі
Автор: Айгерим Уалитханова • Май 23, 2023 • Курсовая работа • 6,707 Слов (27 Страниц) • 186 Просмотры
«Бекітемін»
Басшының оқу ісі жөніндегі
Орынбасары ___________
«____» ______2023ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «»
Тақырыбы: «Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі»
Мамандығы: 0802000 «Автоматтандыру және басқару»
Оқу нысаны: күндізгі
Оқу тілі: қазақ
Орындаған :
Тексерген оқытушы магистр :
Атырау 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ........................................................................................................................3
1 Еңбек ресурстары жұмысшы күшінің еңбек өнімділігін тиімді пайдалану .....................................................................................................................5
1.1 Ресурстармен жұмыспен қамтудың экономикалық жағдайы ...................5
1.2 Еңбек ресурстарды реттеудегі жүмысшы күшінің механизмдері .................7
1.3 Кәсіпорында кадр саясатының атқаратын функциялары мен
ерекшеліктері ..............................................................................................................9
2 Еңбек ресурстардың экономикалық қызмет көрсетудің деңгейі ...........14
2.1 Қазақстанда жұмыссыз халық жұмыспен қамтылмаудың себеп
салдары .....................................................................................................................14
2.2 Кәсіпорында жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату
жоспары .......................................................................................................................16
3 Қазіргі жағдайда жұмысшы күшін мемлекет тарапынан реттеудің жолдары ....................................................................................................................19
3.1 Қазіргі экономикалық жағдайда жүмысшы күшінің мүмкіншілігі мен тиімділігін арттыру ...................................................................................................19
3.2 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі жұмысшы күшінің даму жолдары ......................................................................................................................22
3.3 Қазіргі уақытта жүмыспен қамтудің жаһандық ерекшеліктері ................24
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................28
КІРІСПЕ
Жұмыспен қамту саясатында әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыра отырып, Министрліктің қызметі бір жағынан, еңбекке ынталылықты арттыруға және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және екінші жағынан экономиканың жоғары білікті жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыруға бағыты болып табылады. Жоспарланып отырған жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік қатерлерді басқару жүйесін дамыту бүгінгі таңда аталған салада қалыптасқан болмыстың, проблемалары мен үрдістерінің көрінісі болып табылады.
Экономикалық дамудың тиімділігі тек қана еңбек ресурстарының ұтымды қайта бөлінуіне ғана байланысты емес, сонымен бірге, олардың қолданылуы мен еңбек әлеуетінің барынша жүзеге асырылуына да байланысты. Еңбек ресурстарының қолданылуы – олардың өсіп-өну үдерісінің құрамдас бөлігі.
Еңбек ресурстары нарықтық экономиканың күрделі элемент болып табылғандықтан, бұл жерде тек жалдаушы мен жұмысшының еңбекке байланысты қатынастары орнығып қана қоймайды, сонымен бірге еңбек нарығындағы жағдайлар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының айнасы болып табылады. Сондықтан еңбек нарығындағы проблемаларды шешу жолдарын іздестіру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі саналады.
Осылардың барлығы еңбек ресурстарын басқару механизмін жетілдіру қажеттігін анықтайды. Онсыз Қазақстан Республикасы экономикасын дамыту мүмкін емес, сондықтан еңбек нарығын басқару Қазақстан Республикасы экономикасында ерекше мәнге ие.
Курстық жұмысымның мақсаты -кәсіпорындағы еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудағы дайындалып,зерттелген жұмыстағы ұсыныстар мен қорытындылар оқу процесінде теориялық негіз бола алады.
Елбасы Н.Назарбаев болашақта өз мұратымызды жүзеге асыруға жәрдемдесе ал –деген мақсаттағы ұзақ мерзімді стратегиялық 2030 жылға жолдауында, таяу болашақтың кезек күттірмес міндеті – жаңа тұрпатты басқарушылар даярлау керектігін, кәсіпқойлық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайға сәйкес шеше алатын білімділік пен жігерлік – кадрларды іріктеу мен қызмет бабымен жоғарылатудың басты өлшемдері екндігін айтып өтті.
...