Кәсіпорын қызметінің сипаттамаы
Автор: mk1795 • Май 29, 2018 • Практическая работа • 4,021 Слов (17 Страниц) • 816 Просмотры
Кіріспе
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультеті 5В050600 – экономика мамандығының – 2 курс студенті 2018 жылдың – 4-ші желтоқсаннан бастап 6-шы қаңтарға дейін Астана қаласындағы «Архкон» ЖШС-де өндірістік тәжірибе өттім.
Өндірістік тәжірибені өтудегі басты мақсатым теориялық білімімді тәжірибе арқылы ұштап, экономика саласына тереңірек талдап, тәжірибе алу.
«Архкон»ЖШС бүгiнгi күндe өсудiң жоғaры қaрқындaрын aлaды.
Мақсаты: «Архкон» ЖШС-нде өндірістік тәжірибе өтудегі мақсатым олардың табыс көздеріне көңіл бөліп елімізге келтіретін экономикалық тиімділігін саралау.
Міндеттері:
- «Архкон» ЖШС жобаларды дамыту бағыттары және перспективалары;
- баға деңгейлері мен өндіріс рентабельділігі;
- «Архкон» ЖШС жобалау ұйымының 2015-2017 жылдардағы айналым активтердің баланс құрылымы.
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.
1 Кәсіпорын қызметінің сипаттамаы
Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
«Архкон» жобалаушы ұйымы 2010 жылы ашылған. Олар жобалау іздестіру қызметін атқарады. Негізгі мақсаттарына жобалау, салу, эксплуатациялау жатады. Стратегиялық бағыттары: IT инфрақұрылым.
«Архкон» жобалаушы ұйымы Астана қаласы, Д. Қонаева көшесі 12/1 үйінде орналасқан.
Компанияның қызметі:
- авторлық қадағалау - Жобалық құжаттамаға сәйкес осы объектіні авторлық қадағалаудың, архитектуралық, стилистикалық, технологиялық, құрылыс, инженерлік және пайдалануға қосылған объектіні қарастырылған көрсеткіштері бойынша басқа да техникалық шешімдері бойынша іс-шаралар кешенін сәйкестігін қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру;
- инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық іздестірулер: Инженерлік-геологиялық және инженерлік - гидрогеологиялық іздестірулер үшін жобалаларды орындау, сондай-ақ ҚР далалық ізденістерін орындау. Топография-геодезиялық жұмыстарды жүргізу;
- жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу: Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді құрастыру, қайта жаңғырту және күрделі жөндеудің жобалық және сметалық құжаттамаларын жасау;
- техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу: Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді құрастыру, қайта жаңғырту және күрделі жөндеудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу.
Ұйымдық құрылымы 1-суретте көрсетілген
[pic 1]
1-сурет – «Архкон» ЖШС-нің құрылымы
Осы қызметкердің атқаратаын қызметтері:
- директор - кәсіпорынның басшысы;
- жобалардың бас инженері - инженерлік-техникалық бөлімінің басшысы;
- қаржы директоры - коммерциялық және сметалық бөлімнің басшысы;
- жетекші инженер - ІТ-бөлімінің және жобаларды шығару бөлімінің басшысы;
- бас менеджер - ұйымдастыру бөлімінің басшысы.
Марапаттары: АҚ «Транстелеком», АҚ НК «КТЖ», АҚ «Астана Экспо-2017», АҚ «КазТрансОйл» қоғамдарынан алғыс хаттар.
1.1 Кәсіпорынның басқару құрылымының түсінігі және оның мәні
Кәсіпорынның басқару құрылымының негізі – құрылымының графикалық бейнесінің немесе көрсетілімінің детализациясының дәрежесі. Олар бөлінеді: басқару жүйесінің макроқұрылымы звенолары болып басқару органдары табылады (басқару субъектілері, заңды тұлға болып табылады); мезоқұрылымы, бұны құрылымдық бөлімшелер құрайды; микроқұрылым, звеноларыболып жұмыскерлер табылады (жұмыс орындары) және басқару құралдары. Мысалы, макроқұрылым масштабындағы басқару жүйесінің звенолары қонақ үй, мейрамханалар, ойын-сауықханалар орталығының – ҚР Сауда министрлігі, мезоқұрылым масштабында – сызықтық функционалдық құрылымдық бөлімшелері (директор және оның орынбасары, бөлімдер: өндірістік, жоспарлы-экономикалық, кадрлік және т.б.).
...