Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кұнын төмендету

Автор:   •  Февраль 14, 2019  •  Доклад  •  1,678 Слов (7 Страниц)  •  497 Просмотры

Страница 1 из 7

1. Менің есімім Сандыбаева Гульнур Аманханқызы

2. Құрметті комисия мүшелері, сіздерге жетекшім техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қадірбаева А.А. «Инкай» кенорының уран кенінен сары кек өндірісі бойынша цехты жобалау атты магистрлік жобаны ұсынамын.

3. Жобаның мақсаты. Дайын өнімнің құнын төмендету. Бұл мақсаттың маңыздылығы бизнес-рентабельділіктің негізгі бақыланатын факторы ретінде өндірістік шығындарды бақылаудың және төмендетудің басымдылығымен анықталады.

4. 1 Аналитикалық шолу. Патенттік ізденіс

1.1 Қазақстандағы уран өндірісінің заманауи жағдайы

1.2 Уранның негізгі қасиеттері мен пайдалану саласы

1.3 Уран өндіру әдістері

2 Құрылыс нүктесін таңдау

2.1 Цехтың орналасу орнына техника-экономикалық тұрғыдан негіздеу

3. Зерттеу - жобалау бөлімі

3.1 Уран өндірудегі негізгі және қосымша шикізаттардың сипаттамасы

3.2 «Сары кек» өндірудің физика-химиялық негізі

3.3 Технологиялық сызбаны таңдау және жазбалау

3.4 Сары кек алудың материалдық балансын есептеу

3.5 Негізгі және қосымша қондырғыларды сипаттау және есептеу

3.6 Автоматтандыру сызбасын жобалау

4 Техника – экономикалық есептеулер

4.1 Қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі

5. Жоба құрылымына толықьай тоқталатын болсақ.

Кіріспе бөлімінде:

- Жобаның жалпы сипаттамасы, жобаның өзектілігі, жобаның мақсаты, жобаның міндеті, жобаның маңыздылығы, жобаның жаңашылдығы, жобаның зерттеу объектісі, жоба тақырыбы бойынша баспа шығарылымдары, жобаның практикалық айқындылығы қарастырылған.

- Бірінші бөлімде жалпы аналитикалық шолу және патенттік ізденіс жасалынды. Сонымен қатар Қазақстандағы уран өндірісінің заманауи жағдайына тоқталып кеттім. Уранның негізгі қасиеттері мен пайдалану саласы мен жер асты ұңғымалық шаймалау әдісіне тоқалып, патенттік ізденістер жасалынды.

- Екінші бөлімде жобаның құрылыс нүктесін таңдап алдық және цехтың орналасу орнына техника-экономикалық тұрғыдан негізделген.  Жобаның құрылыс орны - Қазақстан Республикасының, ОҚО, Созақ, Шу-Сарысу кеніші болып табылады. Уранның негізгі бөлігін кешенге жақсы ерітіп жететін настуран түрінде ұсынылады. Күкірт қышқылымен шаймалаудан кейін уранның анионның айырбастау шайырына экстракциясы 95-97% құрайды. Шу-Сарысу кен орнын игеру кезінде, тіпті төмен уран құрамымен, экстракцияның жоғары дәрежесіне қол жеткізіледі. Кен орнының қуаты жылына 1000 тонна. Кен орны теміржол желісіне жақын жерде орналасқан, Созақ ауылының ұзындығы 200 шақырым болатын Шымкент қаласымен біріктіріледі. Осыған байланысты шеберхананың құрылысы үшін негізгі критерий шикізатты және дайын өнімді тасымалдау ыңғайлылығы болып табылады. Созақ ауылында сумен жабдықтауға арналған сумен жабдықтау жүйесі бар. Бұл өндірістің тиімділігіне толық экономикалық талдау, ол компанияның тиімді екендігін көрсетеді.

- Үшінші бөлім зерттеу – жобалау бөлімі. Мұнда уран өндірудегі негізгі және қосымша шикізаттарға сипаттама жасалды.  Сары кек өндіру үшін күкірт қышқылы, шайыр, аммиак, сутегі тотығын қолданады. Сонымен қатар «Сары кек» өңдірудің физика-химиялық негізіне тоқталып кеттік. Технологиялық сызбаны таңдап және жазбалау жасалынды.  Өндірістің толық атауы – Уранды жерасты шаймалау кешені. Шығарылатын өнім түрі уран кені концентраты немесе «сары кек». Өндіру тәсілі: Су араласқан күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісі – арқылы өнімді ерітіндіні жер асты ұңғымалық шаймалау. Өңдеу кешені бес бөлімнен тұрады:

  • уран сорбциясы
  • уран десорбциясы
  • уранды тұндыру және қоюландыру
  • сүзгілеу
  • дайын өнімді кептіру

Уран сорбциясы. Жерасты ұңғымалық шаймалаудан алынған өнімді ерітінді сорбциялық өңдеуге дейін көлемі 1302   өнімді ерітіндінің тұндырғышына жиналады. Тұндырғышта өнімді ерітіндінің құрамындағы құм, қиыршық тас, ылай сияқты механикалық қатты заттар еркін түсу күшімен тұнады. Құм тұндырғыштардан өнімді ерітінділер IX позициясындағы колонналарға сорбция үрдісі арқылы беріледі. Тұндырылған өнімдегі ерітіндіні  сорап арқылы  уранды сорбциялық қысымды колоннаға түбінен жоғары қарай береді. Колонналар автономды режимде және өнімді ерітіндінің бағыты ион алмастырғыш шәйірге қарама қарсы жүреді  [10].[pic 1]

...

Скачать:   txt (23 Kb)   pdf (463.8 Kb)   docx (447.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club