Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кен орны бойынша мұнай мен газдың жоспарланған өзіндік құнының есебі

Автор:   •  Май 20, 2019  •  Курсовая работа  •  4,826 Слов (20 Страниц)  •  1,359 Просмотры

Страница 1 из 20

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Өндірістік экономика, жоспарлау және өндірісті басқару

Тақырыбы: «Кен орны бойынша мұнай мен газдың жоспарланған өзіндік құнының есебі» (1 нұсқа)

Мазмұны

Кіріспе        3

1 бөлім. Кен орны бойынша мұнай мен газдың жоспарланған өзіндік құнының есебі

1.1 Қазақстанның мұнай –газ саласын дамыту мәселелері        6

1.2 Әлібекмола кен орны туралы жалпы сипаттама        11

2 бөлім. Есептеу бөлімі

2.1 Энергетикалық шығындар        17

2.2 Өндірістік қызметкердің еңбекақысы        18

2.3 Ұңғымалардың және басқа да негізгі құралдардың амортизациясы        18

2.4 Негізгі құралдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары        19

2.5 Қалпына келтіру әдістерін арттыру        20

2.6 Мұнай тасымалдау және сақтау        21

2.7 Газды жинау және тасымалдау        21

2.8 Басқада өндірістік шығындар        22

Қорытынды        23

Қолданылған әдебиеттер        24

Кіріспе

Мұнай және мұнай-газ кен орындары дегеніміз – бұл бір немесе бірнеше оқшауланған, яғни бір географиялық пункттің жанында орналасқан геологиялық құрылымдарда ұштастырылған жер қыртысындағы көмір- сутектердің жиынтығы. Кен орнына жататын көмірсутектердің кені қабаттарда немесе тау жыныстарының массивтерінде орналасады, олар жер астында түрліше жайғасады, олардың геологиялық-физикалық қасиеттері әртүрлі келеді. Көп жағдайларда жекелеген мұнай-газды қабаттар, өткізбейтін жыныстармен оқшауланады немесе кен орындарының жеке бөліктерінде ғана орналасады.  Осылайша сипаты бойынша ерекшеліктері бар қабаттар ұңғылардың түрлі топтары арқылы өндіріледі, кейде өндіруде түрлі технологиялар қолданылады.

Мұнай кен орындарын игеру деп құрамында көмірсутектер және олармен қоса жүретін пайдалы қазбалары бар заттарды жер қабатынан алудың ғылыми негізделген үдерісін айтады. Бұл үдеріс кен орнын бұрғылауды және мұнай мен газ қорларын игеруді қамтиды.  Мұнай кен орындарын игеру тау-кен ғылымдарына жатады.

 Тау-кен ісі – адамзаттың ең ежелгі мамандықтарының бірі. Адамзат пайдалы қазбаларды тауып, оларды қолдануды тас және қола ғасырларда бастаған. Адамзаттың дамуындағы осы кезеңдердің атауы тастан, қоладан жасалған құралдарды табу мен дайындаумен, яғни тау-кен ісімен байланысты. Аздап кейінірек ХІХ ғасыр соңында мұнай өндіру үшін ұңғымалар құрыла бастады.  

1871 жылы механикалық әдіспен Бакин ауданында ұңғыма бұрғыланды.        

50-жылдары мұнай қабаттарының жаңа модельдері (кеуекті және кеуекті -борпылдақ), сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруді талдау және бақылау әдістері пайда болып, дами бастады және оларды игеру жүйелері де біршама дамыды. Мұнай кен орындарын игеруді жобалау, талдау және бақылауының дамуы күрделі математикалық әдістер мен есептеу жабдықтарын талап етті.

Мұнай кен орнын игеруге енгізу бірнеше сатыдан өтеді: бастапқы сатысы, оны ұңғыманы бұрғылап және тұрғызу; ортаңғы сатысы немесе негізгісі, игерудің жобалау көрсеткішіне өтуі; мұнай өндірудің күрт төмендеу сатысы, мұнда тұрақты және жоғарылаған сұйықты игеру кезінде мұнай өндіру төмендейді және айдау әсерінен өнімнің сулануы өседі; соңғы аяқталу сатысы, мұнайды өндіру төмендеген сайын өнімнің сулануы тұрақты өседі.

Мұнай кен орындарын игеруді модельдеу деп кең ғылыми мағынада реалды және ойша түрде құралған құрылымды айтады. Ол құрылым игеріліп жатқан объектіні толығымен ашып көрсетуі қажет. Модель атауы латын тілінен аударғанда «өлшем, үлгі» деген мағынаны береді. Модельдеу табиғатты және қоғамды танып білу әдістерінің бірі болып табылады, ол техникада кең қолданыс тапты және ғылыми-техникалық алға жылжудың маңызды сатысы саналады.  Мұнай кен орындарының модельдерін құру және олардың негізінде есептеулерді жүргізу-инженерлер мен зерттеуші-мұнайшылардың ең басты міндеті.  Мұнайлы, газды және газдыконденсатты кен орынның геологиялық-физикалық зерттеулер кен орны жайлы жалпы көріністерді ұсынады. Кен орнын игеру жөніндегі өзара байланысты мөлшерлі жүйе - оның игеруінің моделі, ол қабаттың және кен орнын игеру үдерісінің моделінен тұрады.  Қабаттың моделі – оның геологиялық-физикалық көріністері жайлы мөлшерлі ұсыныстарының жүйесі. Кен орындарды игеру үдерісінің моделі – мұнай мен газды жер қойнауынан шығару үдерісінің моделі. Кен орнын игеру үрдісінің моделі − мұнайды жер қойнауынан шығару үдерісіндегі санды жүйесі. Мұнай кен орындарын игеру моделі кезінде қабат моделінің қандай да бір түрін қолдана беруге болады, ең бастысы қабаттың қасиеттерін анық көрсете білсе болды.  Қабат моделін оның геометриялық пішінін есептейтін сұлбасынан ажырата білу керек. Мысалы, қабат моделі қабыршақты-біртекті емес болады. Есептік сұлбада бірдей модельдегі қабаттар дөңгелек тәрізді және түзусызықты пішін ретінде болады.

...

Скачать:   txt (72.8 Kb)   pdf (480.4 Kb)   docx (160 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club