Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инфляция әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор:   •  Май 7, 2019  •  Курсовая работа  •  8,383 Слов (34 Страниц)  •  507 Просмотры

Страница 1 из 34

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Жарылғасын А.

Инфляция әлеуметтік құбылыс ретінде

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В051000  – «Қаржы»

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Банктік менеджмент және қаржы нарықтары» кафедрасы

«Ақша, несие және банктер» пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырып: «Инфляция әлеуметтік құбылыс ретінде»

Орындаған:Ф-21 к тобының

студенті Жарылғасын А.С.

Тексерген: оқытушы,              магистр Исанов А.С.

Қарағанды  2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................      3

1    ИНФЛЯЦИЯ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ...................................      5

1.1 Инфляцияның экономикалық мәні................................................................      5

1.2 Инфляцияның түрлері.....................................................................................      6

2    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ..................................      9

2.1 Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы......................................     9

2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары....................................................................................................................   19

3    ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ТЕЖЕУ ШАРАЛАРЫ............   23

3.1        Нарық жағдайында инфляциялық проблемалар және ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз ету................................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................   26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................   27

        КІРІСПЕ

Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі  сәйкессіздіктен туындайтын бағаның  өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның  басты факторы ақша массасындағы өзгерісі болып табылады.

«Инфляция»- термині АҚШ-та 1861-1865 ж азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60%-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Шындығында, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі  тұтыну заттарының бағаларын  тұрақты деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік береді. Бірақ тұтыну тауарлары ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды.Инфляция  сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме  сауда бағасының деңгейімен ЖІӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін. Экономикадағы  инфляцияның деңгейін сипаттайтын  басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі жатады.

Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономикаға шындап қауіп-қатер төндіреді.  Инфляция – табиғи апаттар және қоғам сілкіністердің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетіп отыр.

Осы заманғы инфляция  жүйелі сипатымен көрінетін  ерекшеліктерге  ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен қоса, ол бүкіл экономиканың мүшкіл халіне байланысты болып келеді   Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде туады, бірақ оның нақты көрінісі  ақша саласында анықталады. Сондықтан инфляцияны артық ақша белгілерінің  эмиссиясымен  жиі байланыстырады. Инфляция экономикадағы  сәйкессіздікті күшейтеді, ұзақ мерзімді инвестицияларды  ынталандырмауға  зиянын тигізеді, бұл жұмыссыздықтың өсуіне,  қорланым үдерісін тоқтатуға, шаруашылық байланыстарды бүлдіруге әкеледі.  Экономика толық жұмыс істеу  үшін  және айналым арналарының аса толу кезінің қашан және айналым  саласының қай шегіне дейін ақшамен  толтыруға  болатынын анықтау өте қиын. Осындай  инфляцияны  зерттеу жеткіліксіз  болғанымен  инфляцияға қарсы дұрыс шараларды жетілдіру оңайға түспейді.

...

Скачать:   txt (104.6 Kb)   pdf (257.7 Kb)   docx (37.6 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club