Жергілікті деңгейде агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан реттеу және оның жолдары
Автор: Armanprof • Октябрь 15, 2020 • Курсовая работа • 15,136 Слов (61 Страниц) • 477 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Бөлім Жергілікті деңгейде агроөнеркәсіп кешенінің теориялық негіздеріне сипаттама
1.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымының теориялық негіздері........................................................................................................................7
1.2 Агроөнеркәсіптік кешенінің экономикалық қажеттілігі және агроөнеркәсіптік өндірісінде маркетингті пайдалану нысандары.......................11
1.3 Агроқұрылымдардың өндірістік бағдарламаларын оңтайластырудағы инновациялық негіздері............................................................................................21
2 Бөлім Жергілікті деңгейде агроаөнеркәсіп кешенді қалыптастыру және облыстың ауыл шаруашылығының экономикалық жағдайы
2.1 Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық сипаты................................................................25
2.2 Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығының экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама.......................................................................................31
2.3 Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің 2010 жылғы қысқаша даму қорытындылары...............................................................................................35
2.4 Қайта өңдеу өнеркәсібінің өнімдердін тарату және өнім сапасын арттыру 38
3 Бөлім Жергілікті деңгейде агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан реттеу және оның жолдары
3.1 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және оның жолдары.....................................................................................................................42
3.2 Агроөнеркәсіп кешенінің жергілікті деңгейдегі шаралары және оны жетілдірілуі...............................................................................................................45
3.3 Жергілікті деңгейде АӨК –інің дамуы және негізгі көрсеткіштері..............49
Қорытынды және ұсыныстар..................................................................................57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................................60
Кіріспе
Нарық жағдайында бәсекелестік қабілеті бар өндірістік құрылымдардың шаруашылық жүргізуіндегі мақсатты нәтижелер агроөнеркәсіптік кешенді зерттеулерді қажет етеді. Нарықтық механизмінің экономикалық маңыздылығын аграрлық сектордағы өндірісті ұйымдастыру методологиясын ұйымдық, технологиялық, техникалық және экономикалық тұрғыдан қарастырылуы керек.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының тиімді жұмыс істеу механизмі әсіресе нарықтық экономика жағдайында әр түрлі деңгейде көрініс табады. Себебі мұндай механизм меншік қатынастарына, басқару жүйесіне, өнім мен табыстарды бөлу ерекшеліктеріне тікелей байланысты және маркетингтік зерттеулер жүргізу. Шаруашылық жүргізу нысандарын, жер және ішкі шаруашылық қатынастарын, ондағы қаржы экономикалық механизмдерді тұрақты түрде жетілдіріп отыру нарықтық типтегі агроқұрылымдар құрудың, аграрлық сектордағы өндіріс күштері мен өндірістік қатынастарын дамытудың ең қажетті талаптары.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тиімді жүмыс істейтін агроқұрылымдарды қалыптастыру әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылықтардың өндірістегі рөлі мен орнын, олардың бәсекелестік қабілетін анықтауды және агроөнеркәсіптік кешенде әр сала бойынша кластерлік жүйені құруды талап етеді. Сондықтан шаруашылық жүргізудегі тиімді механизмдер методологиясы бойынша арнайы ғылыми зерттеулердің қажеттілігі туындайды.
Сонымен қатар біз көтеріп отырған проблема өте күрделі және ауылшаруашылығы өндірген өнімдердің бағалық және нарықтағы тұтынушылардың тығыздығын жан-жақты талдауды қажет етеді, осы бағытта өтіп жатқан процестер серпінділігі соншалық, оны әрі қарай кешенді зерттеулердің өзектілігі өз мағынасын жоғалтпайды.
...