Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бизнесті ұйымдастыру

Автор:   •  Апрель 20, 2018  •  Лекция  •  2,952 Слов (12 Страниц)  •  2,621 Просмотры

Страница 1 из 12

[pic 1]

Лекциялық кешен

Пәннің атауы: «Бизнесті ұйымдастыру»

Алматы, 2017

  Лекция 1.  

Тақырыбы: Бизнес түсінігі, даму тарихы

Дәріс мақсаты -  студенттерге Қазақстанда бизнестің теориялық аспектілерін ашып таныстыру. Кәсіпкерлік ұғымымен, шағын бизнесті басқару қажеттілігін, оның тарихи даму мәселелерін көрсету.

Лекция сұрақтары

  1. Бизнес түсінігі. Бизнес және кәсіпкерлік.
  2. Кәсіпкерлік обьектілері және субьектілері.
  3. Қазіргі кәсіпкерліктің негізгі белгілері.

Лекция мазмұны  Бүгінгі Қазақстанда  бизнес, соншалықты қиыншылықтарды  басынан  өткергенімен -  қалыптасқан  факті  екені  айқын. Ол заңмен қорғалады  және  әрі  қарай  дамитын  болады. Аталған тақырыптың өзекті екені рас,  бизнессіз нарықтық  экономика  болмайды. Бизнес бізде   өскелең  күйде  болғанымен, болашақта  қоғамдық  өндірістің   жетекші  саласы болатынына  күмән  жоқ. Бизнеске  деген  қызығушылық  табиғи  және  ақталған мәселе. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа  экономикалық  негізі  құрылуда,  өзінің  жеке ісін  ашуға  ұмтылған,  жаңа  жағдайға  бейімделмей, ынта жігерін  көрсетіп, өзін еркін  еңбекпен айналысып көрсеткісі  келген адамдар  пайда  болуда. Эканомикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас      бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер — ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас түрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды. Эканомикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» үғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жүмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдар мен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мүндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес бүл - табыс экелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бүл да адамның эканомикалық қызметі, бірақ бүл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас үрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық эдебиеттерде олар үнемі пара-пар үғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

     2. Кәсіпкерлердің міндеттері мен мақсаттары. Кәсіпкердің мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында өзінің кәсібінен пайданың барынша көлемін алу болып табылады. Ең алдымен мақсаттың үш әлементін анықайды:

1. Мақсаттың мазмұны.

2. Мақсаттың көлемі.

3. Мақсаттың уақыт факторы.

Өндірістік кәсіпкерліктің мақсаты екі сипатта болады. Өндірілген өнімді сата отырып пайда түсіру. Кәсіпкерліктің тікелей мақсаты - оны мүмкіндігінше көбейту. Бірақ пайданы сұранысқа ие болған, тұтынушыларға керекті өнімді өндіру арқылы ғана алуға болады. Сондықтан да кәсіпорын бір мезгілде басқа мақсатты да алдына қою керек. Ол - тұтынушылардың қажеттілігін жоғары дәрежеде толығымен қамтамасыз ету.

Басты мақсаты пайда түсіру болатын кәсіпорындар "коммерциялық" деп аталады. Құрылған коммерциялық кәсіпорындардың нақты мақсаттары мен тапсырмалары оларды құру туралы құқылық құжаттарда тіркеледі ("Кәсіпорын жарғысы", "Құрылтайшылар жарғысы" және т.б).

...

Скачать:   txt (43.4 Kb)   pdf (169.4 Kb)   docx (38.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club