Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Колледжде болашақ есепшілерді модульдік технологиясымен оқыту арқылы кәсіби біліктілігін жетілдіру

Автор:   •  Апрель 22, 2019  •  Дипломная работа  •  6,000 Слов (24 Страниц)  •  651 Просмотры

Страница 1 из 24

Дипломдық сжұмыстың тақырыбы: Колледжде болашақ есепшілерді модульдік технологиясымен оқыту арқылы кәсіби біліктілігін жетілдіру.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1 Колледжде болашақ есепшілердің кәсіби біліктіліктерін жетілдірудің теориялық негіздері

1.1 Кәсіби біліктілікке сипаттама

1.2 Кәсіби білім берудің заманауи тұжырымдамасы

1.3 Колледжде болашақ есепшілердің біліктіліктілігін жетілдіру құралы ретінде модульдік оқыту

2 Есепшілерді модульдік оқыту технологиясы

2.1 Модульдік оқытуға сипаттама

2.2 Модульдік оқытудың құрылымы

2.3 Есепшілерді оқыту процесінде модульдік технологияны қолданудың практикалық ерекшеліктері

3 «Бухгалтерлік есеп» пәнін модульдік технологиясымен оқытуды ұйымдастыру

3.1 «Бухгалтерлік есеп» модулінің жұмыс бағдарламасы

3.2 «Бухгалтерлік есептің негізгі формалары» тақырыбының сабақ жоспары

3.3 «Бухгалтерлік есептің негізгі формалары» сабақтың тақырыбына дидактикалық материалдар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын  таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің  тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін  кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі  алысты барлап,  кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс - әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Осыған орай Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Колледжде болашақ есепшілерді модульдік технологиясымен оқыту арқылы кәсіби біліктілігін жетілдіру» деп алынды.

Зерттеу мақсаты: колледжде болашақ есепшілердің кәсіби біліктіліктерін жетілдірудің теориясын негіздеу және «Бухгалтерлік есеп» пәнін модульдік технологиясымен оқытуды ұйымдастыру

Зерттеу нысаны: колледжде болашақ есепшілердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру үдерісі

Зерттеу пәні: есепшілерді модульдік оқыту технологиясы

Зерттеу міндеттері:

- колледжде болашақ есепшілердің кәсіби біліктіліктерін

...

Скачать:   txt (95 Kb)   pdf (132.3 Kb)   docx (35.9 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club