Төлем жүйесі және оның Қазақстан Республикасында дамуы
Автор: AknurDir • Март 30, 2019 • Курсовая работа • 8,144 Слов (33 Страниц) • 1,533 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРИТЕТІ
Экономика және жаратылыстану фаакультеті
Есеп және қаржы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Ақша.Несие.Банктер
ТАҚЫРЫБЫ: Төлем жүйесі және оның Қазақстан Республикасында дамуы.
Орындаған: Қаржы-201 студенті
Дирусалимова А.С.
Тексерген: Э.ғ.қ., аға оқытушы
Қалденова Г.С.
Ақтөбе, 2017 жыл
Мазмұны:
Кіріспе..........................................................................................................................3
1.Төлем жүйесінің қалыптасу теориялық негіздері.....................................5-11
1.1.Төлем жүйесінің құрылымы мен түсінігі............................................................5
1.2. Төлем жүйесінің түрлері мен қатысушылары....................................................7
1.3. ҚР-да төлем жүйесінің қалыптасуы....................................................................9
2.Төлем қызметтері нарығындағы дамудың жаңа технологиялар жүйесін талдау....................................................................................................................12-21
2.1.ҚР-ның төлем жүйесінің қазіргі жағдайын талдау...........................................12
2.2. ҚР-ның төлем жүйесіндегі төлемдер ағынын зерттеп талдау........................14
2.3. Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын пайдаланудың мүмкіншіліктерін талдау...........................................................................................17
3. ҚР-да төлем жүйесінің даму тенденциялары.................................................22
Қорытынды………………………………………………………………………..25
Падаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................27
Кіріспе:
Төлем жүйесі - дегеніміз аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені кіретін күрделі жүйе бола отырып, халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық Банктің арасындағы өзінің ерекшеліктері бар байланыстырушы буын. Төлем жүйесінің субъектілеріне төлемдерді жүзеге асыруда қатысушы банк қызметтерін пайдаланғаны дұрыс. Төлем жүйесі әр формада көрінеді, бірақ мақсаты әрқашанда бір ғана – ақша аударымдарының бір банкілік шоттан екінші банкілік шотына аударуды қамтамасыз етеді. Осындай жағдаймен төлем жүйесінде төлемдер мен ақша аударуларды бір шоттан екінші шотқа со елдің заңы бойынша аударуды, ереже және тәртіп бойынша аударудың механизмін көрсетеді.
Төлем жүйесінің рөлі – экономикалық және қаржылық қызметтің қорытындысы нәтижесінде қабылданған және тұтынушылар мен тауарлар, қызмет көрсетулер арасында ақша құралдарының аударылуын қамтамасыз етуіне сай келеді. Қаржылық секторға төлем жүйесінің қалай әсер ететінін айтып өту қиын емес. Төлем жүйесіндегі экономикалық процестің бір немесе бірнеше қатысушыларының міндеттері уақытысында орындалуы тиіс, соған байланысты экономикалық қатысушыларына ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикалық тұрақтылыққа деген сенім ауытқуы мүмкін.Төлемді жүргізу нұсқасы барлық қағидаларға сай оны жүргізу тәсіліне тәуелсіз орындалады. Төлемге қатысушылар берілген нұсқауды орындаудың алдында, өз шотында қажетті соманың бар екеніне көзін жеткізеді. Содан кейін төлем құжатында төлеушінің акцептін айқындап жазады. Алғашқыда, ақша төлеушінің шот мен төлемші-банкінің корреспонденттік есепшотынан алынып, содан кейін алушы мен алушы-банкінің есепшотына аударылады. Төлем жүйесінің теориясында келесі қағидалар ерекшеленеді: құқықтық, режимдік, мағыналық, тәуекелді азайту, барлық субъектілер жағынан бақылау мен басқару, қауіпсіздік пен сенімділік төлем жүргізудің жылдамдығын таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік пен қатысу критерийі. Қазақстан банкілері көп мөлшерде кредиттік-депозиттік, ал аз деңгейде есеп айырысу операцияларына бағытталған. Қазақстан банкілерінің таза пайыздық табысы комиссиялық табыстардан 5 есе артық. Қолма–қол есеп айырысуларға құжат дайындау объективті түрде тән емес, ол мемлекеттік нормалармен анықталған. Төлем жүйелерінің технологиясын, ақша айналымының тенденцияларын және клиенттердің мүдделерін ескере отырып, банкілердегі есеп айырысу қызметтерінің модельдерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарды қарастыруға болады. Төлем жүйесі күрделенген механизм, сондықтан ол нақты қағидаларға негізделуі қажет. Төлем жүйелерін жасауға көп көңіл бөлінеді, соған сәйкес ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерінде есепке алынады.
...