Өнімді сынау, бақылау және өнім қауіпсіздігі
Автор: Sabira16101999 • Февраль 20, 2019 • Реферат • 1,439 Слов (6 Страниц) • 2,551 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Реферат
Орындаған: Қасым С.Е
Қабылдаған: Айдарова А
Оқу тобы: СС-16-1
Қызылорда – 2019жыл
Мазмұны
Кіріспе
1.Өнімді сынау, бақылау және өнім қауіпсіздігі.
1.1. Сынау мен бақылау түрлері мен міндеттері.
1.2. Өнімді сынау.
2. Бұрғылауға сынау.
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе
Өнім деп анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған саналы түрдегі қызметтердің заттандырылған нәтижесі болып табылады.
Өнімнің сапасы – тағайындалуына сәйкес анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын шарттайтын өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. Осы түсінік техника-экономикалық болып табылады, бірақ сонымен қатар сапа басқа аспектілерге – философиялық, эстетикалық және т.б. ие болады. Себебі өнімнің сапасы - күрделі және көпқырлы түсінік.
Өнімнің сапа көрсеткіші – өнімнің қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.
Осы факторларды есепке ала отырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды мысалға алдым.
Міндеттері ретінде:
- Өнімнің сапасын арттырудыі нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
- Импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
- Ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
- Кәсіпорын өндіретін өнімнің сапасын бағалау;
- Ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілген өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру, нақты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Қазіргі уақытта бұйымның және элементтің дайындауының сапасын бақылау үшін қиратып және қиратпай сынау әдістері қолданылады.
Қирау деген сөздің өзі мынаны білдіреді, егер тетіктер және құрылымдар сынау кезінде қирауға дейін жеткізіледі, сонымен қатар бұйымның нағыз жұмысында мәлімет 100% қамтамасыз етіледі.
Әр бұйымдарды сынау арқылы қирауға жеткізу қажет емес, яғни бұл сынау әдісі жоғары материалдық шығынды қажет етеді, сондықтан қазірге уақытта бұйымды қиратпай сынау әдісі арқылы сынау жақсы дамуда.
Қиратпай сынау әдісі көп жағдайда сыналып жатқан обьектінің толық сипаттамасын бермейді, сондықтан кейбір кезде осы әдістер жиынтықта қолданылады. Белгілі обьектілер санына қиратып сныау әдістері жүргізсе, одан кейін сынау нәтижелерін қойса, онда олардың арасында анықталған өзара байланысты орнатуға болады.
Сондықтан бұйымды сынау өзінің әдістемесі бойынша жабдықтың қамтамасыз етілуі және өңдеу әдісі бойынша тәжірибелік техника бағытынң бірі болып табылады. Әдістің қалыптасуына және бұйымның сынау құралдарының сыртқы әсерлерінің әрекеті көп әсер етуі мүмкін.
Механикалық әсерге сынау
Механикалық сынаудың негізгі тапсырмалары
Сынау мақсаттары обьектіге бйланысты белгіленеді:
1) Сынау обьектісі беріктігін немесе орнықтылығын жоғалтуына әкелетін жүктемемен сипатталатын тасушықабілеттілігі;
...