Әлемдік саясаттағы нәсіл мәселесі
Автор: Nazym Kalmakhan • Декабрь 18, 2021 • Доклад • 7,349 Слов (30 Страниц) • 254 Просмотры
18 –тарау
Әлемдік саясаттағы нәсіл мәселесі
Робби Шиллиам
Негізгі сұрақтар
- Нәсілдің жаһандық ықпалын түсінуіне имперализм мен отаршылдықтың тарихы қаншалықты маңызды?
- Нәсіл, биология және мәдениет арасында не байланыс бар?
- Қазіргі әлемдік саясат бұрынғыдай нәсілшіл емес пе?
Оқырманға бағдар
Бұл тарау студенттерді нәсілге адамзатты жеке топтардың иерархиясына бөлетін әлемдік саясаттың тәртібін анықтаушы негізгі принцип ретінде қарайтын түрлі тәсілмен таныстырады. Тараудың бірінші параграфында нәсіл мәселесін тудырған тарихи процестер, әсіресе еуропалық имперализм мен отарлау мәселелері зерделенеді. Екінші параграфта нәсіл ұғымын тұжырымдауға қатысты негізгі пікірталастың біршамасы қарастырылады. Үшінші параграф нәсіл мәселесінің әлемдік саясатты реттеуді жалғастыратын жаңа тәсілдерді зерттеуге қажет осы тарихи және тұжырымдамалық пікірталастарды қамтиды.
Кіріспе
Нәсіл әрқашан халықаралық қатынастар пәнінің негізгі мәселесі болып келді. Расында да сала қалыптаса бастаған кезде нәсіл екінші кезектегі емес, басты мәселе ретінде талқыланды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін белгілі афроамерикалық интеллектуал У.Э.Б.Дюбуа «Foreign Affairs» журналында «Түрлі түсті әлем» (Worlds of color) атты мақаласын жариялады. Ол мақаласында 20жыл бұрын жасаған болжамын қайта жазды: «Адамды түсіне қарай кемсіту, яғни Азия мен Африкада, Америка мен теңіз аралдарындағы қаранәсілді адамдардың ақнәсілді адамдарға деген қатынасы-20 ғ. Түстер шекарасының мәселесі» (Du Bois, 1961:23).
«Foreign Affairs» - сыртқы саясат талдауына арналған ең үздік журналдардың бірі. Роберт Виталис атап өткендей, бұл журнал өз қызметін «Journal race of Development» деген атпен бастады (2010). Расымен де бірқартар ғалымның айтуынша, империялық басқару 20 ғ. Басындағы әлем саясатын зерттейтін интеллектуалдардың ең басты мәселесіне айналды, тіпті мемлекетаралық қарым-қатынастан да маңызды болды деуге болады. Нәсіл империяны басқару мен тәртіпті сақтаудың кілті болған еді. Дегенмен, Дюбуаның Бірінші Дүниежүзілік соғыстың нәсілдік себептеріне берген түсініктемесін, тіпті афромарикалық интеллектуал бұл еңбегін сол кездегі халықаралық қатынастар саласының ең басты журналында жариялаған болса да, халықаралық қатынастар теоретиктері көзге ілмеді.
«Нәсіл» дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап бере салу оңай емес. Әдетте нәсілшілдік адамзатты топтық иерархияға (яғни ақнасәлді, қаранәсілді, арап, еврей» деп) жіктейтін, биологиялық бөлініске негізделге сыңаржақ идеяны қалыптастырады. Алайда әлемдік саясаттың тәртібін анықтаушы принципі ретіндегі нәсіл адам терісінің түсі, бет- әлпетінің ерекшелігі және шашының құрылымымен ғана шектелмеді. Терминнің шығуы туралы ұысқаша мәлімет нәсіл туралы түсінігімізді кеңейтуге жол ашады.
Колумб дәуірінен бұрын, яғни еуропалықтар қос Америкадан тұратын «жаңа» әлемді «ашып» жаулап алғанға дейін нәсіл немесе роман тілдеріндегі «raza» түрлі-түсті қызықты мағынасы болады. Бұл сөздің «ақау» немесе «матадағы кінәрат» сондай-ақ, «поэтикалық сөздегі кемістік» деген мағыналары бар. 17 ғ. Басында «raza» сөзі асыл тұқымды жылқыға, сонымен қатар адамның шығу тегі,әсіресе түбі еврей немесе мавритандық (солтүстік –батыс Африканың мұсылмандары) халықтарға қолданылды. Уақыт өткен сайын барлық мағыналары біртіндеп жалпыға ортақ мәнге тоңыса бастады: кем сезіну, сондай-ақ христиандық емес және/ немесе еуропалық емес («пұтқа табынушы») дәстүр деген мағынаны білдіретін болды.
Соңғы айтылған пікір маңызды, себебі15 ғ. Христиандық Еуропада бір адам ашық түрде мүше болған діни топ оның оның адамзатты түсінуімен тығыз байланыста болды. Еуропалықтар қос Американы жаулап алған уақытқа қарайн нәсіл адамзат кемшілігін білдіретін тәсіл ретінде қалыптаса бастады. Осындай кемшіліктерді Еуропалық имеприялық экспансия және отарлау арқылы түзету әлемдік саясаттың тәртібін анықтаушы негігі принципке айналды.
Бұл тарауда нәсіл империялық экспансия, отарлық басқару және бұлардың қазіргі күндегі салдарымен тығыз байланысты әлемдік саясаттың тәртібін анықтаушы принцип ретінде қарастырылады. Тарау нәсілдің төмендегідей анықтамасын басшылыққа алады; нәсіл дегеніміз-көзбен қабылдац жолымен анықтауға болатын, қандай да бір ортақ мәдени мұрамен шектелетінтоптық ерекшеліктерді санаттарға бөлу арқылы адам қабілетін иерархиялық жолмен реттеу. Сонымен қатар тарауда адам бойындағы қабілеттер нәсіл арқылы анықталатын екі түрлі, бірақ өзарабайланысқан әдіс зерттеледі; биологиялық есептеу және мәдени есептеу.
...