Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сынақ жүйесінің пайда болуы, маңызы, құру ережелері

Автор:   •  Апрель 22, 2018  •  Курсовая работа  •  5,373 Слов (22 Страниц)  •  1,068 Просмотры

Страница 1 из 22

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында сертификаттау және стандарттау саласында жаңа үдеріс бой көтеруде. Атап айтқанда бұл сала нақты жолға қойылып, әлемдік талаптарға толықтай жауап бере алатын, сұраныстарға сай  өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағыттар таңдап алынды.

«ҰлтССО» АҚ жұмысындағы ең маңызды  бағыты – сертификаттау. «ҰлтССО» АҚ өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау, сапа менджменті жүйесі, экологиялық менеджмент, OHSAS, HACCP саласында жұмыс жүргізу құқығына аккредиттелген.

Сынау зертханалары өнімнің кең номенклатурасының сертификаттық сынауларының бірнеше түрлерін жүргізеді.

«ҰлтССО» АҚ қызмет көрсетулері сапа кепілдігі мамандардың жоғары біліктілігі және мол практикалық тәжірибесі болып табылады.

«ҰлтССО» АҚ-ның барлық филиалдарында ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілген және жұмыс істейді.

«ҰлтССО» АҚ мақсаты - барлық мүдделі тараптардың сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау кезінде сапаны басқару әдістерін үздіксіз толық жетілдіру.

«ҰлтССО» АҚ стандарттау, метрология, сертификаттау және сапаны басқару мәселелерінде біртұтас саясат жүргізу үшін шетелдік серіктестермен бірлесіп жұмыс істеуге әзір.

Адамзат өмірінің соңғы он жылдықтары экономика мен тұрмыста түрлі технологиялық үдерістердің күрт қаулап өсуімен ерекшеленеді. Солардың алдыңғы қатарында құрылыс саласы да бар.

Бояуөнімдері өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциябойынша қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын бояу өнімдерінің құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады.

1 Негізгі бөлім

1.1 Сынақ жүйесінің пайда болуы, маңызы, құру ережелері

Өнімдерді, бұйымдарды сынақтан өткізу олардың сапасына баға беру үшін кеңінен қолданылады. Сынақ жүргізудің қажеттілігі  әртүрлі өнімдердің – машиналардың, құрылғылардың, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдікті растау мақсатымен байланысты туындай бастады. Кейіннен өндірістік және әлеуметтік – экономикалық даму практикасы бұйымдардың кеәбір қасиеттерін растауды талап ететін баолды.

Бірақ, өндіріс жағдайында оны шығаратын кәсіпорында сынақтан өткізілген  өнімдер кейбір кездерде алдын ала белгіленген сапа деңгейіне және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін болып шығатын жағдайлар кездесетін болды. Осыған байланысты тұтынушының сынақ нәтижесіне сенбеушілік туындай бастады. Бұл қайшылық тәуелсіз сынақ орталықтары мен зертханаларын ашу арқылы өз шешімін табатын болды. Бұндай орталықтар мен зертханалардың қызметі қазіргі күнде қлттық және халықаралық деңгейде танымал болып отыр.

Сынақ орталықтарының қызметінің бір түрі болып сынақ әдістерін стандарттау, өнімнің сапасын сынау және бақылау табылады. Сонымен бірге олар кейбір жағдайларда өз күшімен жаңа сынақ және өлшеу жабдықтарын жасап шығарады.

Өнімдерді сынақтан өткізу олардың техникалық деңгейіне және жасау сапасына объективті түрде баға беру, сондай-ақ  өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде, яғни оны өндіріске қою, өндіру, сертификаттау, сериялап шығаруды тоқтату немесе модернизациялау кезінде тиісті дұрыс шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Сынақ жүргізумен байланыстағы барлық әрекеттердің қазіргі күндегі тенденциясы болып аккредиттеу процедурасымен сынақ әдістерін өзара гармонизациялау табылады. Гармонизациялау өнімнің сапасын бұрынғыдан да объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру ісінде соңғы кезде мынадай тенденция қалыптасып келеді: аккредиттеу – сынақтан өткізу – сертификаттау – сапа – бәсекеге қаблеттілік.

Ішкі және сыртқы рынокта сапасы сертификат беру арқылы расталған өнімгі ерекше назар аударылады. Сертификат өнімді сынақтан өткізленнен кейін беріледі. Сынақ аккредиттеуден өткен (аккредиттелген), яғни ұлттық және халықаралық деігейде сенімділік тудыратын (беделді) сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізіледі.

...

Скачать:   txt (75.1 Kb)   pdf (403 Kb)   docx (156.2 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club