Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Реинжниринг бизнес үдерістерді басқаруда негізгі құрал ретінде

Автор:   •  Апрель 13, 2019  •  Практическая работа  •  922 Слов (4 Страниц)  •  1,401 Просмотры

Страница 1 из 4

Мақала тақырыбы:

Реинжниринг бизнес үдерістерді басқаруда негізгі құрал ретінде

Студент:

Рустамова Гюзяльай Шакировна

Мамандығы:

Стандарттау, Метрология және серификаттау

Тобы: 341

Ғылыми жетекші:

«Қаржы  және технолгиялар» мектебінің  

«Технологиялар және экология» кафедрасы доценті, э. ғ. к.

Джумабеков Кудайберген Уразбаевич

Аннотация: Бұл мақаланың басты мақсаты – реинжинирингтің бизнес үдерістегі рөлін, реинжинирингті енгізудің басты кезеңдерін және оның мәнін анықтау болып есептеледі. Бұл мақалада реинжиниринг ұғымы, реинжиниринг бизнес-процестерге және негізгі әдістерге қалай әсер ететіні қарастырылады.

«Реинжиниринг»  ұғымы шамамен 1990 жылдары пайда болды, содан бері менеджмент және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар белсенді қызуғышылық таныта  бастады. Бүгінгі таңға дейін осы проблема бойынша жыл сайын ондаған монография, жүздеген мақала, конференция материалдары жарық көрді. Осылардың арасындағы ең танымалдысы 1993 жылы жарық көрген М.Хаммер мен Дж. Чампидің «Коорпоратвтік  реинжиниринг: бизнестегі революция»   атты кітабы. Қазірігі таңда реинжинирингті әлемнің барлық жетекші компаниялары қолға алды, себебі бұл «емдеуге» арналған процесс техникалық шешімдердің жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты, барлық  танымалдылыққа осы  технология ие, бұл үшін конференциялар өткізіліп, әдебиеттер жарияланды[2].

Реинжиниринг – бұл  компанияның шығындарын, сапасын, қызмет көрсетуін және жылдамдығын арттыру сияқты негізгі көрсеткіштерін жетілдіру үшін бизнес-процестерді түбегейлі қайта қарастыру[1]. Реинжиниринг саласында қатысушаларды  және олардың атқаратын жұмыстарын анықтау, үдерістің негізгі тиімділігі болып табылады. (Кесте 1)

               Кесте 1.  Жобаны қайта құру командасының құрамы

Қатысушы

Атқаратын қызметі

  1. Жоба басшысы

1.Реинжиниринг жұмыстарын басқарады, жобаның идеологиялық негіздемесіне жауап береді, инновация мен жауапкершіліктің ортақ рухын қалыптастырады.

  1. Басқару комитеті

2. Мақсаттар мен стратегияларды, жұмыс топтарының мүдделерін бақылайды, үйлестіреді, жанжалдарды шешеді.

  1. Жедел басқару және үдерістің менеджерлері

3. Реинжинерлік әдістер мен құралдарды әзірлеу, оқыту,

үйлестіріп, командаларды қалыптастыруға көмектеседі.

  1. Жұмысшы топ

Реинжиниринг бойынша тікелей жұмыстарды жүзеге асырады.

Команда табысқа жетуі үшін, дәл мақсат қою қажет, негізгі рөлдер мен нысандарды, сондай-ақ үздіксіздікті есепке ала отырып, бюджеттер мен ұжымдық құрылысты мұқият дамыту керек. Мақсаттар мен шешілетін мәселерге сүйене отырып, реинжинирингтік қызметтің келесі түрлері бөлуге болады:

         1. Дағдарысқа қарсы реинжиниринг - ұйымның өте күрделі мәселелерін шешуде, егер заттар өте нашар жүрсе және бірқатар шаралар қажет болса

«аурудың ошақтарын» жоюға мүмкіндік береді;

        2. Ұйымның іс-қимылдары жақсы дамыған кезде, бірақ даму қарқыны нашарлаған кезде бәсекелестерден асып кете бастағанда  қолданылатын дамудың қайта қаралуы[3].

Реинжинирлік процестің жалпы схемасы мынадай түрде ұсынуға болады:

(Сурет 1).

[pic 1]

[pic 2]

Сурет 1. Реинжинирингті өткізудің кезеңдері.

Қазіргі уақытта ең танымал бизнес-процестердің реинжинирингі  - бұл бизнес тиімділігін арттыру проблемаларын шешудің әдісі. Ол дағдарыс жағдайында қажет болған іс-әрекеттерді түбегейлі қайта құру қажет болғанда қолданылады. Рецинжиниринг тек қана ренжирлеу құралдарын пайдалану ережелері мен әдістерін анық байқаған кезде ғана нәтиже береді. Бизнес-процестерді қайта құру - бұл іргелі өнеркәсіптік және экономикалық тиімділікті барынша қол жеткізу үшін бизнес-процестерді қайта қарау және түбегейлі қайта құру қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ұйымдық және әкімшілік-нормативтік құжаттар [4]. Бизнес үдерістердің үш түрі бар.

...

Скачать:   txt (14.5 Kb)   pdf (198.3 Kb)   docx (18.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club