Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеумет-танулық талдау

Автор:   •  Октябрь 26, 2025  •  Эссе  •  695 Слов (3 Страниц)  •  43 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІКТІК-ГУМАНИТАРНЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ

Тақырыбы: «Қазіргі қазақстандық жастардың  құндылықтарын әлеумет-танулық талдау»

Орындаған:Юрфак студенті-Жадил Айдина                                                                                                                                    

Тексерген:Тлегенова Айман Сүлейменқызы  

Алматы, 2025

Жастар – кез келген қоғамның ең белсенді және өзгерістерге бейім бөлігі. Қазақстандық жастардың құндылықтары заман талабына сай өзгеріп, жаңа әлеуметтік, мәдени және экономикалық факторлардың ықпалымен қалыптасуда. Бұл құндылықтардың өзгеруін әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеу – қоғам дамуының болашағын болжауға мүмкіндік береді. Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір анығы,  адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы  2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы  20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Әрине, бәрін бірдей пайдалы деу артықтау шығар, сананы улап та  жататыны бар. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар.  Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген сөзінде сан-алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отыр. Демек, ұрпақтың дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын.

Құндылық – адамның өмірлік ұстанымдарын, қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі қағидалар жиынтығы. Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда, құндылықтар жеке тұлғаның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын реттеп, оның мінез-құлқы мен мақсаттарын қалыптастырады. Жастардың құндылықтары олардың тәрбиесі, білімі, әлеуметтік ортасы және технологиялық прогреске бейімделуі арқылы қалыптасады.

Зерттеулер көрсеткендей, қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтары бірнеше негізгі бағытқа бөлінеді:

- Білім мен кәсіби даму

Қазіргі жастар үшін сапалы білім мен кәсіби жетістік маңызды орын алады. Елімізде «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев Университеті сияқты білім беру бастамалары жастардың жоғары білімге деген ұмтылысын арттырып отыр. Әлеуметтанулық зерттеулерге сәйкес, қазақстандық студенттердің көпшілігі болашақта тұрақты жұмысы бар, жоғары жалақы алатын маман болуды басты мақсат деп санайды.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (68.1 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club