Қазақстан компаниясындағы еңбек өнімділігін жоғарылату резервтері
Автор: Aizh19 • Февраль 6, 2021 • Реферат • 767 Слов (4 Страниц) • 376 Просмотры
Тақырыбы: Қазақстан компаниясындағы еңбек өнімділігін жоғарылату резервтері
Жоспар:
- Соңғы 5 жылдағы «Қазтрансойл» кәсіпорынының жағдайы мен динамикасына сипаттама.
- Кәсіпорынның өнімділік көрсеткіштеріне шолу.
- Өнімділікті жоғарылатудың негізгі резервтері
- Қазіргі жағдайда қиындықтарды жеңу үшін резервтерді ашып, өнімділікке әсер ету жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
«ҚазТрансОйл» - Қазақстанның мұнай құбыры инфрақұрылымындағы ірі кәсіпорын. Қазақстанның құбыр желісі инфрақұрылымының көп бөлігін пайдалануға береді. «ҚазТрансОйл» АҚ Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөліміне кіргізілген.
Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды.
Соңғы 5 жылдағы «Қазтрансойл» кәсіпорынының жағдайы мен динамикасына сипаттама
«ҚазТрансОйл» компаниясының 5 жылдағы қызметі қарқынды дамып отырды. 2015 жылға қарағанда 2019 жылда компанияның түсімі 12% -ға артып отыр. 2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 44 463 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1,9 %-ға төмендегенімен, жылдық кіріс пен таза пайда мөлшері артып отыр. Бұған себеп жоғарыда келтірілген бағдарламалар мен шаралар жүйесі. Жалпы жыл бойы көрсетілген қызметтердің сапасын үздіксіз арттыру мақсатында 2019 жылы Компания тұтынушыларды 100 % қамтумен мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылығын бағалау бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша қанағаттанудың жалпы коэффициенті 100 %-ды құрады.
Компанияның қаржылық көрсеткіштері:
Көрсеткіш/Жыл | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 |
Жалпы кіріс, млн. теңге | 213 162 | 207 108 | 222 450 | 225 400 | 239 626 |
Сатудың өзіндік құны, млн теңге | 124 064 | 129 862 | 146 599 | 152 394 | 159 872 |
Жиынтық пайда, млн теңге | 44 713 | 44 528 | 50 118 | 38 485 | 45 121 |
Активтер, млн теңге | 619 263 | 744 976 | 764 227 | 803 441 | 912 813 |
Капитал, млн теңге | 472 932 | 587 975 | 599 691 | 625 416 | 702 979 |
Міндеттемелер, млн теңге | 146 331 | 157 001 | 164 536 | 178 025 | 209 834 |
EBITDA, млн теңге | 110234 | 102 467 | 108 796 | 108 544 | 115 766 |
ROA, % | 7,4 | 6,5 | 6,6 | 4,9 | 5,3 |
ROE, % | 9,6 | 8,4 | 8,4 | 6,3 | 6,8 |
«ҚазТрансОйл» жұмыс істейтіндердің саны
Жыл | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 |
Жұмысшылар саны | 8129 | 7914 | 7152 | 6923 | 6773 |
2019 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының бойындағы транкингті байланысты жаңғырту жұмыстарының негізгі кезеңін аяқтады. 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген МРТ-1327 аналогты транкинг жүйесі DMR Tier-III Pro стандартындағы цифрлы кәсіби транкингті радио байланыс жүйесіне ауыстырылды. Нәтижесінде Қазақстанда 80 транкингті радио байланыс базалық станциясынан тұратын ең үлкен цифрлы кәсіби транкингті радио байланыс жүйесі пайдалануға берілді.
...