Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогикалық менеджмент негіздері

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  671 Слов (3 Страниц)  •  597 Просмотры

Страница 1 из 3

№15 СОӨЖ

Педагогикалық менеджмент негіздері

 

Тапсырма:

  1. Түрлі елдердегі басқару стильдерін сипаттаңыз.

дана білуі тиіс. Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мəселенің өзін алуан түрлі тəсілдермен, өзінше шешеді.

Стиль дегеніміз əлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден онда басшының көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптен келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нəтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Əдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені , ұжым мүшелері ,оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да отандық

жəне шет елдік əдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.

Мəселен, X. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:

1. Бір жақты автократтық стиль;

2. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;

3 Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі катыса

отырып басқару стилі;

4. Парламенттік сипаттағы басқару стилі;

5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей

109

қатысуынсыз-ақ əрекет ететін басқару стилі.

Автократтық жəне парламентарлық стильдер қолайсыз деп сапалады,

өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешкандай дербестік

болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде

дербес, əрекет етеді.

Ең қолайлысы кооперативтік стиль— «жақсы ынтымақтастық»,

«ұйымдасып əрскет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса

отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мүқият тыңдайды, олардың

ұсыныс, пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды

жəне қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен

орындалады, өйткені дəл осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске

қатыстымын деп есептейді.

АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):

1.Функцияны беру стилі;

2. Міндетті бөлісіп басқару;

3. Ерекшелеу тəсілімен басқару;

4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.

а) «Функцияны беру стилі» əрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты

істі тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап

береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.

б) «Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар

алдағы міндеттерді бірлесіп қарастырады да, əрбір адамның міндет аясы

белгіленіп, нəтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады

в) «Ерекшелеу тəсілімен басқаруда» басшының міндеті өз

қызмекерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай тұғызу

болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген сңбек

нормасына жəне жұмыс нəтижесін бағалау критерийіне сəйкес көмек

қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін

мəлімдейді.

д) «Жүйені ретке келтіру арқылы басқаруда» белгіленген тəртіпті қатаң

басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тəсілдерінің шаруашылықзкономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.

Басқару мəдениеті- ұйымның стилі мен атағын

айқындайды. Басқару стилі - басшының бағыныштыларға тəн мінез-құлқы жəне ұйымның мақсатына жету бағытында оларға əсер етуі. Басшылықтың кең

тараған теориясының бірі неміс психологы К. Левиннің (1938г.) ұсынған

теориясы. Ол басқарудың үш стилін қарастырады:

2. Басқару стильдерінің ерекшеліктерінің ішкі мазмұны туралы кестені толтырыңыз.

Стильдер

Стильдің ерекшелігі

Шешім қабылдауы

Жауапкершілікті жүктеу

Қарым-қатынасы

Білімге деген көзқарасы

Авторитарлық

Жұмыс мүддесі адамдардың мүддесінен жоғары қойылады, қарым-қатынаста үзілді – кесілділік, дөрекілік орын алады

басшының рөлін шектен тыс көбейтумен байланысты,өкіметті орталықтандырумен, өзі басқарумен сипатталады.

Басшылық түсіндіру жəне сендіру əдістері арқылы емес, мəжбүрлеу арқылы жүзеге асырылады.

Ұжымның пікіріне құлақ аспайды, ұжым үшін шешімді өзі қабылдайды. Басқаруда бұйрықтар, жазалаулар, ескертулер, сөгістер, əртүрлі жеңілдіктерді алып тастау əдістеріне басымдық беріледі. Бақылау бағыныштылардың бастамасын жоятын өте қатаң жəне егжей-тегжейлі болады.

авторитарлық əдістер ұйым қызметінің ортақ мақсаты мен міндеттерімен байланысты еш түсініктеме берместен басшының бағыныштыларға бұйрық формасында тапсырмалар беруіне негізделген.

Демократиялық

директордан өзінің орынбасарларына міндеттерді дұрыс бөле білуді талап етеді жəне маңызды шешімдерді қою мен қабылдауда ұжымның пікірімен санасуды; қызметкерлермен кеңесуді, қызметкерлерді басқару ісіне тартуды, жəне олардың бастамаларын қолдауды талап етеді.

ұжымның пікірімен санасумен,

басшы үнемі ұжым өмірінен толық хабардар болып, оның мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасап, қызметкерлердің пікірлерімен есептесу керек.

Бұндай басқару стилінде басшының мүмкіндігі кеңейеді, орынбасарлардың жауапкершілігі көтеріледі,оқу-тəрбие үдерісін жүзеге асыруға бүкіл ұжым қатысады. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға əр ұжым мүшесі жауапкершілікті сезінеді. Осылай ұжым арасында бір-біріне талап ету күшейеді, осының негізінде жұмысшылар арасында өзара көмек пайда болады, ұжымда адамдар арасындағы қарым-қатынас өзгереді.

Басқарудың демократиялық стилі басшы мен оның орынбасарларының, басшы мен бағыныштыларының арасындағы өкілеттілікті, бастамалар мен жауапкершіліктерді бөлумен сипатталады.

Оқу-тəрбие үрдісін жоғары əдістемелік деңгейде ұйымдастыру үшін директор жұмыстың формалары мен əдістерін мектептің перспективалық міндеттерін басшылыққа ала отырып анықтауы қажет. Үнемі жаңа озық əдістерді зерттеп, оқу -тəрбие үдерісіне кең түрде енгізуге əр оқу орнының басшысы міндетті.

Либералдық

ұжымды басқаруда басшының белсенділік танытпауымен сипатталады

Ұжым жұмысына араласа бермейді. Шешім көбінесе ұжым арасында қабылданады.

Басшы жұмысты шашыратып жібереді.  Жұмысты сирек бақылайды

Жұмысты анда-санда бір бақылап, тексереді, өз бетімен, шығармашылықпен еңбек ететін адамдарға сүйенеді.

Басқарудың бұл стилі қызметкерлері дербестік жəне шығармашылығымен ерекшеленетін ұжымға қолайлы болып табылады

  Кестені толтыру барысында басшылыққа алуға болатын оқу құралы: Құрманалина Ш.Х., Бахишева С.М., Дәулеткалиева Н.Н., Архыматаева Н.Ж. Педагогикалық менеджмент. Оқу құралы. – Астана 2018 ж.-138 б.

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (110.2 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club