Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу

Автор:   •  Март 14, 2023  •  Лекция  •  2,509 Слов (11 Страниц)  •  177 Просмотры

Страница 1 из 11

[pic 1]ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ[pic 2][pic 3][pic 4][pic 5][pic 6][pic 7]

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ: БӘСЕКЕЛІК

АРТЫҚШЫЛЫҚҚА ҰМТЫЛУ

Компанияның сыртқы ортасын бағалау

Кітап: Дәріс:


Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу

  1. Компанияның сыртқы ортасын бағалау

[pic 8][pic 9][pic 10]

Дәрістің мақсаты: компанияның сыртқы ортасының мәні мен маңызы және PESTEL талдауындағы макроортаның алты құрамдас бөлігін, сондай-ақ саладағы бәсеке күштерін зерделеу.

Біз сіздермен алдыңғы дәрістерде стратегияны қалыптастырып, жүзеге асыру процесі компанияның қазіргі жағдайын бағалаудан басталатынын талдаған болатынбыз.

Компанияның ахуалы екіжақты ықпалға қатысты: оның сыртқы ортасына, ең алдымен, компания жұмыс істейтін саладағы бәсеке жағдайына қатысты қалыптасады және ішкі ортасы, оған компанияның ресурстары мен ұйымдастырушылық қабілеттері әсер етеді.

Компанияның сыртқы және ішкі ортасын алдын ала түсінбей, зерттемей кәсіпорынның ұзақмерзімді бағытын, тұтынушы құндылығы ұсынысы жөнінде ойлау, мақсатын айқындау немесе стратегиясын әзірлеу кәсіпорынның бәсеке артықшылығын қалыптастырып, өнімділігін арттыруға бағытталған талпыныстарын шектейді.

Шынымен де, стратегияның алғашқы сынағы: стратегия компания жағдайына тиімді ме әлде тиімсіз бе? Осы мәселенің анық-қанығын зерделеп алған жөн. Сол сияқты стратегия компанияның ахуалына сәйкес келе ме, келмей ме – осыған көз жеткізіп алған абзал.

Олай болса, ең алдымен компанияның жұмыс істейтін саласы және бәсеке ортасын бағалаудан бастайық.

Компанияның индустриясы мен бәсеке ортасын бағалау стратегиялық түрде ойлауға ыңғайлы деп танылған тұжырымдамалар, талдау құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Анығында, стратегия мынадай жеті сұраққа нақты жауап табу арқылы жүзеге асады:

  1. Макроэкономикалық факторлар мен индустриялық ерекшеліктер сатушыларға өсім мен тартымды пайда алу мүмкіндігін ұсына ала ма?
  2. Сала өкілдері қандай бәсеке күштеріне кезігеді және әрбір күш қаншалықты мықты?
  3. Саланың өзгеруіне қандай күш себеп және бұл өзгерістер бәсеке қарқыны мен индустриялық табыстылыққа қалай әсер етеді?
  4. Бәсекелес компаниялардың нарықтағы орны, үлесі қандай: кім мықты, кім әлсіз?
  5. Бәсекелес компаниялар қандай стратегиялық қадам жасауы мүмкін?
  6. Бәсекелік табыстың негізгі факторлары қандай?
  7. Саланың дамуы алдағы уақытта табыстылыққа ықпал ете ме? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік.
  1. сұрақ: Макроортаның стратегиялық сәйкес компоненттері қандай?

Компанияның сыртқы ортасы әдетте бәсекелі орта болып саналады. Бәсекелі ортаға шыққан компания макроэкономикалық факторлармен сөзсіз бетпе-бет келеді. Кең ауқымды макроэкономикалық факторларға жалпы экономикалық жағдайлар, қоғамдық құндылықтар мен мәдени нормалар, саяси факторлар, құқықтық және нормативтік факторлар, экологиялық пайымдаулар, технологиялық факторлар жатады.

Тұтастай алғанда, макроорта компания жұмыс істейтін кең ауқымдағы қоршаған орта контекстісін құрайтын барлық қажетті факторды қамтиды. Біз факторларға аса маңыз беріп қараймыз. Өйткені ол басшылықтың ұзақмерзімді бағытына, мақсатына, стратегиясына және бизнес моделіне қатысты шешімдерін қалыптастыра алады деп есептейміз. Макро- экономикалық факторлардың компанияға сәйкестілігі PESTEL талдауы арқылы бағаланады. PESTEL талдауы негізгі алты компоненттен тұрады. Атап айтқанда: саяси факторлар, компа- нияның жалпы ортадағы экономикалық факторлары, әлеуметтік-мәдени факторлар, техно- логиялық факторлар, экология факторы, құқықтық және реттеуші факторлар. PESTEL макро- ортаның алты компонентінің әрқайсысына сипаттама береді.

...

Скачать:   txt (38.8 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club