Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көшбасшылық стильдер және олардың жіктелуі

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  1,700 Слов (7 Страниц)  •  1,293 Просмотры

Страница 1 из 7

                  Көшбасшылық стильдер және олардың жіктелуі

    Көшбасшылық – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы.

    Көшбасшы – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады.

    Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал көшбасшы адамдарды жандандырады, ортақ мақсаттарға бағыттайды.

    Бихевиорист-ғалымдар лидерлік анықтамасының мағынасын тиімді қолданудың үш тәсілін атап көрсеткен:

1. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл;

2. Тәртіптілік тәсіл;

3. Жағдайлық тәсіл.

    Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келіскен немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталынған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуге болады: егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші жетекші бола алар еді.

    Тәртіптілік тәсіл – басқарушы стилін жіктеудің негізін тәртіптілік стилі қалайды. Бұл тәсілде тиімділік басқарушының жеке қасиетімен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасымен, қарым-қатынасымен анықталады.

    Жағдайлық тәсіл – бұл тәсілді жақтаушылардың айтуы бойынша, лидерліктің оңтайлы стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында.

    Көшбасшының орындайтын функциялары – бағыттаушы, ұйымдастырушы, ынталандырушы.

    Көшбасшы міндеттері:

- ұжымның эталонға жақын тәртібін және келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды.

- топтың әр мүшесіне бағыт бере отырып, бұйрықпен емес, сөзбен немесе дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді.

    Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс:

1. Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау.

2. Тапсырма қажеттілігі – негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;

3. Топ қажеттіліктері – топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау.

    Көшбасшының екі полярлық түрі:

1. Іскер – мәселе шешуде өз қолына алатын, білімді, жан-жақты хабарлы.

2. Сезімтал лидер – ұжымның көңіл күйін реттеу функциясын қолына алады.

   Көшбасшылықтың негізі ретінде беделділік қарастырылады. Көшбасшылық рөлі белгілі бір беделділік формасына негізделіп, келесі түрлерден тұрады:

1. Харизматикалық бедел – мықты жеке қасиеттерге негізделеді.

2. Дәстүрлі бедел – қоғамда қолданылатын негізгі форма болып табылады. Ол белгілі бір дәстүрлер мен шарттарға құрметпен қарау және ол бойынша өз-өзін ұстау формаларына негізделеді.

3. Рөл мен орын беделділігі – тұлғаның жеке бір қасиеттерімен емес, әлеуметтік ортада алатын орны және рөлімен анықталады.

4. Құқықтық бедел – беделділіктің ең формальді түрлерінің бірі, өйткені ол белгілі бір ережелер шеңберіне негізделеді.

5. Біліктілік беделділігі – оның негізі ретінде басқарушының тәжірибесі, білімі мен ерекше қабілеттіліктері қарастырылады.

    Лидердің ерекше қасиеттері:

- қиындыққа төзімді болу;

- ұжымның алдағы мақсатын түсіну;

- мейірбан, ізетті;

- парасатты болу.

    Көшбасшының тағы бір ерекшеліктерінің бірі – алдына мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет.

...

Скачать:   txt (23.9 Kb)   pdf (130.6 Kb)   docx (37.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club