Контрольная работа по "Менеджменту"
Автор: Ерасыл Надир • Ноябрь 12, 2021 • Контрольная работа • 10,961 Слов (44 Страниц) • 266 Просмотры
1. Жаһандық перспективадағы білім беру
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болды. Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс-Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүргізілетін жаңа пән. Бұл пән кіріктірілген оқу бағдарламасына 2012 жылы енгізілді. Негізгі мақсаты-білім алушылардың сыни және терең ойлай білу дағдыларын дамыту және олардың ой-өрістерін кеңейту. Жаһандық перспективалар пәні дамытатын дағдылар бірнеше оқу элементтеріне бөлінеді. Оқу элементтері де суб-элементтерге бөлінеді. Аталған суб-элементтер пәннің негізгі оқу мақсаттарын құрайды. Бұл оқу мақсаттары келесідей:
• Сыни ойлау-қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді анализден өткізу.
• Зерттеу-қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді дәлелдейтін ақпаратты анализден өткізу.
• Рефлексия-зерттеудің адамның көзқарасына әсерін анықтау.
• Коммуникация-перспективаны, ақпаратты және зерттеуді тиімді және сенімді түрде жеткізу.
Жаһандану білім беру саласының мақсаты-бірегей әлемдік білім беру деңгейін құру. Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаһандану жан-жақты даму үстінде, адам қызметінің әлеуметтік және жеке өмірдің барлық салаларына, сонымен бірге білімге де әсер етеді. Әлемдік білім беру кеңістігін әр түрлі елдердің білім беруінің ұлттық жүйелерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Кейбір авторлар мұндай жаһандық білім беру кеңістігінің бірігуіне ұмтылу үшін өте маңызды екі алғышарт бар екенін атап көрсетті:
• Бірегей экономикалық кеңістікті құрудың салдары болып табылады, яғни көптеген дамыған елдерді өзіне қосып алып жатқан экономикалық жаһандану болып табылады.
• Ғаламшар болашағына қауіп төндіретін жаһандық мәселелердің бар екенін әр адам өз түйсігімен ұғынуы маңызды.
Ғалым В.Лысенконың пайымдауынша жаһандық білім беру адамға әлемге кіруге, заманға сай өмірге кіруге, әлеуметтік-экономикалық және басқада деңгейлеріндегі өзара байланыс жүйесіне үйлесімді енуге көмектесетін маңызды негіздердің бірі болып табылады, оның міндеті әлемді тану мүмкіндігін кеңейту, өз елінің басқа елдермен өзара әрекеттестік механизмдерінің, оның әлемдік қоғамдастағы алатын орнын түсінуге және әлемге басқа халықтар көзімен қарауды үйренуге ықпал ету болып табылады. Әлемдік педагогикада жаһандық білім берудегі тұжырымның негізін қалаушы философ Р.Хенвидің еңбектерін салыстырмалы түрде атап кетуге болады. Ол жаһандану үдерісіндегі білм беру астарларын қарастыра отырып төмендегідей бес ұстаным ұсынды.
• Дүниенің біркелкі еместігін қалдылдау
• Ғаламшардың жай күйін мойындау
• Басқа халықтардың мәдениетін түсіну
• Жаһандық динамиканы білу
• Адамның саналы таңдауы
Негізгі бағыттарына институционалдық аспектіні әртүрлі халықаралық құрылымдарды құруды жатқызуға болды: білім беру ұйымдары. Мысалы, ЮНЕСКО әлемдік білім беруді қалыптастыру процесін реттеу мен барлық елдер үшін халықаралық-құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асырады. Білім беру саласындағы интеграциялық процестердің дамуына ықпал етеді. Білім берудің жаһандануының жарқын мысалы Болон процесі, оның мақсаты бірыңғай еуропалық білім беру жүйесін құру мақсатында Еуропа жоғары білім кеңістігін жақындастыру мен үйлестіру болды. Қазіргі уақытта Болон процесі әлемнің 46 елін біріктіреді. Ең маңызды элементтердің бірі жаһанданудың білім беруде қоғамның ақпараттандырылуы болды, ол ақпаратты технологиялар мен компьютердің қарқынды дамуымен сипатталады. Заманауи ақпараттық технология бойынша білім беру процесі сапалы түрде жаңа формада қабылдана бастады. Жаһандану процесі перспективалары ауқымды, кең режимде ақпарат алуға мүмкіндігі бар болды. Барлық білім алушылар үшін Online кез келген ақпарат, конференцияларға қашықтықтан қатысу, вебинарлар, әлемдік кітапханалардың кітаптарын, үздік материалдарды пайдалану ғылыми мақалаларды оқып пайдалануға мүмкіндік ашылды.
...