Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты

Автор:   •  Январь 3, 2019  •  Контрольная работа  •  4,321 Слов (18 Страниц)  •  1,151 Просмотры

Страница 1 из 18

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

ДӘУЛЕТ СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ

«Қаржы, бухгалтерлік есеп және салық салу» кафедрасы

ҚОРЫТЫНДЫ ЖҰМЫС

«Маркетинг» дисциплинасы

____ нұсқа

Тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты

Орындаған: Наурызбаева А.Б.

Тексерген: Солтанбекова Ш.О.

Өскемен қаласы, 2017ж.

Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты

  1. Тауар және оның жіктелуі
  2. Тауар саясаты
  3. Жаңа тауар түсінігі және оны жоспартау
  4. Тауардың өмірлік циклі (ТӨЦ)

  1. Тауар және оның жіктелуі

Маркетинг кешені 4 құрылымдық компоненттен тұрады: тауар, баға, тарату әдістері, ынталандыру әдістері.

Соның ішінде тауар құрылымдық компанентіне толығырақ тоқталсақ.

Тауар – адам қажеті мен мұқтажын қанағаттадыруға арналған нәрсе. Сол нәрсеге адамның назарын аудару, оны сатып алу, қолдану, тұтыну, ынталандыру үшін нарыққа ұсынады. Ол нәрсе физикалық зат, объектілер, ұйымдар, қызметтер, идеялар  болуы мүмкін.

Тауарлық бірлік - шаманың, бағаның, сыртқы пішінінің көрсеткіштерімен және басқа да атрибуттарымен сипатталатын ерекшеленген тұтастық. Мысалы, крем – тауар, «Юнилевер Русь» ААҚ «Бархатные ручки» қолға арналған кремінің қыспасы, бағасы 320 тенге – тауарлық бірлік.

Тауардың ойлап шығарушылар дайындау барысында, әзірлеген уақытта идеяны 3 деңгейде қабылдайды:

  1. Ойдағы тауар, бұл деңгейде сатып алушы нақты қандай тауарды тұтынатындығын анықтайды, сатып алушы қандай тауарға мұқтаж екендігін іздестіреді, ойлайды.
  2. Нақтылы түрінде орындалған тауар,  ол негізгі 5 сипатымен белгіленеді, олар: сапасының деңгейі, ерекшеліктер жинағы, арнайы әшекейленуі, маркалық атауы, ерекше оралуы.
  3. Нығайтылған тауар- тауарға қолдау ретінде көрсетілетін қызметтер мен пайдасын беру. Фирма тауарға үнемі қолдау жасап отыратын тиімді жолдарды іздеу қажет.

Тауардың жіктелуі.

Тауарларды пайдалану дәрежесі немесе материалдық қажеттілігі бойынша тауарларды жіктеу:

Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді.

қысқа мерзімде қолданылатын тауарлар бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады, оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра және т.с.)  жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімді тауарлар бірнеше жылдар бойы (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машина және т.с.) қолданылады.

Көрсетілетін қызметтер – белгілі тір талап, іс-әрекет, басқасына пайда немесе қанағаттандыру түрінде ұсынылатын сату объектісі (тұрмыс қажетін өтеу ұйымдары, бухгалтерлік кеңсе, банктер).

Тұтынушылардың сатып алушылық әдеттері негізінде

тауарларды жіктеу:

Түпкі тұтынуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді.

Тұтыну тауарлары негізгі тұтынушының қолдануы  үшін сатып алатын тауарлары жатады. Тұтыну тауарлары төмендегідей жіктеледі:

  1. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар ойланбай-ақ еш қиындықсыз жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрі оларды күнделікті сатып алуға болады.

Күнделікті сұраныстағы  тауарларды 2 топқа бөлуге болады: 

...

Скачать:   txt (64 Kb)   pdf (287.9 Kb)   docx (36 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club