Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инновациялық процесс және оның нарықтық экономика жағдайындағы даму ерекшеліктері

Автор:   •  Февраль 28, 2023  •  Реферат  •  1,904 Слов (8 Страниц)  •  220 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

 

Факультеті: «ЭжБЖМ»

Кафедрасы: «Менеджмент»               

 

СӨЖ

Тақырыбы: Инновациялық процесс және оның нарықтық экономика жағдайындағы даму ерекшеліктері.

                                                                            Орындаған: Зайымова Ә.Н.                                                                        

                                                                          Тексерген: Тасжарғанов С.И.

 

                                                   

Алматы 2021

        WhatsApp - бұл мобильді және басқа да платформаларға арналған дауыстық және бейне қолдаумен қамтамасыз етілген ақысыз, жылдам хабар алмасу жүйесі. Қосымшаның мүмкіндіктері:

  • мәтіндік хабарламаларды, дыбыстық хабарламаларды, суреттерді, видеоларды, электронды құжаттарды жолдау;
  • бірнеше адамнан құралған топтық чаттар құру;
  • ғаламтор арқылы мессенджер ішінде ақысыз аудио және видео қоңырау шалу;  
  • күнделікті статусыңызбен бөлісе алу;

       Сарапшылардың есептеуінше WhatsApp қосымшасында күн сайын миллионға жуық жаңа қолданушы тіркеледі. Орта есеппен қосымша секундына 12 рет жүктеледі. Қазіргі уақытта мессенджердің 1,5 миллиардтан астам белсенді қолданушылары бар. Орташа алғанда, әрбір қолданушы WhatsApp қосымшасын күніне 23 рет тексереді және мессенджерде сөйлесуге шамамен 195 минут жұмсайды. Күн сайын WhatsApp арқылы бүкіл әлем бойынша 30 миллиард хабарлама, 200 миллион дауыстық жазбалар, 700 миллионнан астам сурет, 100 миллион видео жіберіледі. Алайда бұндай үлкен масштабтарға қол жеткізу үшін WhatsApp маркетинг пен жарнамаға    1 доллар да жұмсамады.

        Осындай ауқымды статистикалық көрсеткіштерге ие WhatsApp қосымшасының авторы Ян Кум – өзінің айналасында шу болғанын ұнатпайтын бойдақ миллиардер. Ол адамзатқа қазіргі таңда ешбір адам олсыз өмірін елестете алматын қосымша сыйлады. Ян Кум 1976 жылы 24 ақпанда, қарапайым еврей отбасында дүниеге келген. Әкесі құрылысшы, ал анасы үй шаруасындағы әйел. Олар барлығын үнемдеп өмір сүрген. Тіпті кейде төлем жасалмауы себебімен электр жарығы мен сусыз да күнелтуге мәжбүр болған. Кумның айтуынша, бұндай қиын өмірлік жағдай оның осы күнгі жетістігіне жетуінің қозғалтқышы болған.

        WhatsApp туралы осындай қызықты факттардан соң, ендігі бұл алпауыт қосымшаның идеясы қайдан, қалай туындағаны туралы сөз қозғайын.

Идеяның туындауына негіз болған проблемалар

        1) 1992 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Ян мен оның анасы дереу Америкаға көшті.  Ол кезде Ян 16 жаста еді. Өкінішке орай, әкесі отбасымен бірге бара алмады, себебі билетке ақша тек екі адамға ғана жеткілікті болды. Оның әкесі ақыры мұхитты кесіп өте алмастан 1997 жылы қайтыс болды. Эммигранттар ретінде олар Маунтин-Вью қаласынан екі бөлмелі шағын пәтерге қол жеткізді. Басқа елге көшумен Янның отбасының материалдық жағдайы жақсарған жоқ. Ян мен оның анасы әлі де аз нәрсеге қанағаттануларына тура келді. Ян тегін мектепте оқыды, ағылшын тілін оңай және тез меңгергенімен, өзінің құрдастарымен ортақ тіл табысуы қиын болды. Сол себепті эмиграциядан кейін ол өзінің туыстарын және он жыл бойы бірге оқыған украиндық достарын сағынатын. Бірақ байланыс қымбат болғандықтан, олармен жиі хабарласа алмады.

        2) Мектептен кейін Ян Сан Хосе штатындағы университетке IT мамандығына оқуға түсе алды. Университетте оқып жүрген уақытында Янға Yahoo компаниясынан ұсыныс түсіп, ол университетпен бірге жұмысты қатар алып жүре бастайды. Бірақ күн сайын оның оқуға уақыты жетпей, жұмыстан алаңдата бастады. Бір күні Янға бастығынан қоңырау түскенде ол сабақта отырғандықтан жауап бере алмай, бастығынан сөгіс естиді.

        3) Ян бокспен шұғылданатын және жаттығу кезінде ол жұмысқа қатысты маңызды қоңырауды жіберіп аламын деп үнемі уайымдайтын.

...

Скачать:   txt (20.8 Kb)   pdf (263.1 Kb)   docx (335.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club