Бюджет жүйесі жəне бюджет құрылысы
Автор: Aselyaa • Апрель 5, 2018 • Курсовая работа • 8,493 Слов (34 Страниц) • 848 Просмотры
Мемлекеттің фискалдық саясаты
КІРІСПЕ...................................................................................................................
3
І. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ................................................ 4
I. 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдықметодологиялық негіздері...................................................................................... 4
I. 2. Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді
мемлекеттік реттеу................................................................................................11
- 3. Мемлекеттің фискалдық саясаты..................... ...........................................13
ІІ. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ШЕТЕЛДІК ТƏЖІРИБЕСІ.......... ...............17
- 1. АҚШ – та соңғы уақытта қазыналық саясаттың жүргізілуі.................... 17
II. 2. Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық
қатынастарды дамыту жəне экономиканы мемлекеттік реттеу.... ...................19
- 3. Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тəжірибесін пайдалану мəселелері............................................................................................23
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ……………………………………………………………………….27
- 1 Бюджет жүйесі жəне бюджет құрылысы...................................................27
III. 2. Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы............... .......36
ҚОРЫТЫНДЫ................... ...................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................46
КІРІСПЕ
Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мəселелерге тоқталып кетеміз: Экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мəн – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, əдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны жəне табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық жəне дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз. Фискалдық саясаттың шетелдік тəжірибесін яғни нақтырақ айтқанда АҚШ – та соңғы уақытта фискалдық саясаттың жүргізілуін талдаймыз. Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамыуын жəне экономиканы мемлекеттік реттеуін жəне Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тəжірибесін пайдалану мəселелеріне тоқталып кетеміз. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі құрылысын қарастырамыз. Федеративтік жəне унитарлық мемлекеттерде қандай бюджет жүйесі қолданылатынын тоқталып кетеміз. Республикалық жəне жергілікті бюджетті, республиканың бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымын қарастырамыз.
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
I. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдықметодологиялық негіздері
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің обьективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы “оның тəжірибемен дəлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады” Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу əлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің əкімшілік - экономикалық жəне ұйымдық құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың мəнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мəселе “таза қоғамдық тауарлар”, яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің əсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс - əрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу ісəрекеттері обьективті түрде белгілі бір материалдық - техникалық жəне интелектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мəжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі.
...