Кәсіпорындағы өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебі
Автор: janar.uanova • Март 7, 2018 • Курсовая работа • 16,288 Слов (66 Страниц) • 1,376 Просмотры
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп кәсіпорын мүлкінің бар болуының жүйелі қадағалайтын, олардың тиімді қолданылуын және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің қосымша резервтерін айқындаушы құрал болып келеді. Дайын өнімді есепке алу мәселелерін қарастырудың өзектілігі дайын өнімді шығару кез келген өндірістік кәсіпорын қызметінің нәтижелесімен түсіндіріледі. Дайын өнімді сатуды басқару процесін ұйымдастыру мәселелерімен қатар бухгалтерлік есептің рөлі мен мәнін жоғарылату маңызды болып келеді.
Сол себепті, дипломдық жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның қаржылық жүйесін және тұрақты дамуын, дайын өнім шығару процесін есепке алуды зерттеу маңызды болып табылады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты. Кәсіпорындағы өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебі бойынша құжат айналымына, аудит және талдау ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылады:
- өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебінің, аудитінің және талдауын ұйымдастырудың теориялық негізін қарастыру;
- өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебінің жүргізілуін талдау;
- өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебі мен аудитінің мәселелері мен жетілдіру шараларын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі. «EURASIA TRADE CO» ЖШС-нің өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебі, аудиті және талдауы - зерттеу тақырыбының объектісі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Кәсіпорындағы өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебі бойынша қалыптасатын экономикалық-құқықтық қатынастар жүйесі тақырыптың зерттеу пәні болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаналығы ретінде өнімдерді, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сату бойынша шығындар есебін ұйымдастырудың теориялық негізі айқындалды және дайын өнімді шығару мен қолдану есебінің мәселелері мен жетілдіру шаралары ұсынылды.
Нарықтық экономика шеңберіндегі кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, барынша толық және күрделі қалпында тұжырымдамалық тұрғыдан жүргізіліп отырған дайын өнім есебін зерттеп-зерделейтін жұмыстардың саны аз. Осы мәселеге арналған жұмыстарда экономиканың заңдылықтарына байланысты мәселелер нашар зерттелген. Ғалымдардың, экономистердің тарапынан қазіргі заманғы дайын өнімді шығару және қолданудың есебін ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге деген үлкен қызығушылықтың болуына қарамастан, осы мәселенің аса маңызды бірқатар аспектілері жеткіліксіз зерттелген күйде қалып отыр. Дипломдық жұмыста кәсіпорын қызметінде шығарылған өнім мен оны қолдану бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу мәселесі зерттеліп отыр. Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негізі анықталған, дайын өнімді өндіру мен қолдану есебін ұйымдастырудың мәні қарастырылған, есепке алу үрдісі, нақты кәсіпорын мысалында дайын өнімді есепке алу бойынша талдау жүргізілген, бірақ та қазіргі кезде бухгалтерлік есепте болып жатқан өзгерістерге байланысты есепке алу процесі әрдайым қозғалыста, дайын өнім есебін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Нәтижесінде институционалдық, ақпараттық-коммуникациялық, нормативтік-реттеуші немесе жалпыға таралушы жүйелі дағдарыс пайда болады, ал оның нәтижесінде кәсіпорын мүдделерінің жүзеге асырылу серпіні өзгереді де үрдіс үзіледі немесе реверсияланады. Сол себепті зерттеліп отырған тақырыптың маңыздылығы жоғары болып келеді.
Зерттеу жұмысы нәтижелерінің тәжірибелік маңызы: Дипломдық жұмысты жазу барысында алынған нәтижелер шаруашылық жүргізуші субъектілерінің дайын өнімді есепке алуын ұйымдастыруды жүзеге асырудың басым бағыттарын анықтауда қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ кәсіпорындардың есептік саясатының тетігін дамытуда, дайын өнімді шығару мен қолданудың есебін жүргізу мәселелерін кейін талдау кезінде ақпараттық база ретінде қолдануда пайдаланылуы мүмкін.
Тақырыптың ғылыми қарастырылу дәрежесі. Тақырыптың қазіргі уақыттағы зерттелу жағдайының ерекшелігі экономикалық қатынастардағы бухгалтерлік есептің трансформациялану, бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тұтас сипаттамаларын қарастыратын жалпылама еңбектердің, кешенді зерттеулердің, монографиялық жұмыстардың жоқтығында. Мәселені зерттеумен Омаров А.Ш, Абленов Д.О, Радостовец В.К. Богдановская Л.А., Виногоров Г.Г., Мигун О.Ф., Мырзалиев Б.С, Абдушукуров Р.С «Рахимбекова Р.М., Сейдахметова Ф.С Соколова Я.В., Джандельбаева А., Алиев М.Қ., Толпаков Ж.С., Зайцев Н.Л., Филипенко Л.Н., Безруких П.С., Кондраков Н.П., Палий В.Ф. тәрізді зерттеушілері айналысқан. Сондай-ақ зерттеу тақырыбының теориялық-методологиялық негізіне отандық, шетелдік экономистердің еңбектері, ҚР нормативтік құқықтық актілері, ғылыми еңбектер мен есеп және аудит бойынша тәжірибелік материалдар, анықтамалар, әдебиеттер жатады.
...