Дебиторлық берешек есебі
Автор: aaa.123 • Апрель 25, 2022 • Реферат • 650 Слов (3 Страниц) • 420 Просмотры
ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
Жоспары
1.Дебиторлық берешек ұғымы, тану және бағалау.
2.Дебиторлық берешек есебі
Мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешегі - шаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан, басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қосқанда, басқа тұлғалардан тиесілі қарыз сомасы.
Қаржылық есептілік мақсаты үшін дебиторлық берешек келесідей жіктеледі:
- ағымдағы немесе қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді немесе айналымнан тыс
Қысқа мерзімді (ағымдағы дебиторлық берешек) – бұл бір жыл ішінде немесе ағымдағы операционды циклда олардың қайсысының ұзақтығына байланысты алынатын берешек.
Ал қалған дебиторлық берешектің барлығы ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Операционды цикл - өндіріс процесінде қолданылатын материалдарды сатып алу және дайын өнімді, қызметті ақша қаражаттарына немесе ақша қаражаттарына жылдам айналатын құралдарға айналдыру арасындағы уақыт.
Қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алу үшін келесідей шоттар арналған:
- 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
- 1220 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
- 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
- 1240 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
- 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар»;
- 1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
- 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
- 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»;
- 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв»;
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есебіне арналған шоттар:
- 2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»;
- 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;
- 2230 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер».
Туындау себебі бойынша дебиторлық берешекті екі категория бойынша ажыратады:
- сауда – шаруашылық қызмет барысында сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін сатып алушылардың төлеуге тиісті сомасы.
- саудадан тыс – түрлі операцияларды көрсету нәтижесінде туындайтын берешек.
- Мемлекеттік мекемелерде саудалық дебиторлық берешек шоттар жоспарының 1230 шотында есепке алынады.
- Саудадан тыс дебиторлық берешек шоттар жоспарының 1210, 1220, 1240-1280 шоттарында есепке алынады.
Активті қаржылық есептіліктің элементі ретінде тану критерилері:
- Экономикалық пайда болашақта компанияға келіп түседі деген ықтималдылықтың болуы;
- Элементтің құны бар, оның бағалануы айтарлықтай сенімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеме дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу қорытындысы бойынша сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарттар бойынша күмәнді берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыс нәтижелерін ескере отырып, түгендеу комиссиясы актісіне сәйкес қабылданған мемлекеттік мекеме басшысы шешімінің негізінде есепті кезеѕнің аяғында тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу немесе жеткізудің мерзімі өтуі туындаған кезде резерв құрады:
- 180 күннен 1 жылға дейін – берешек сомасынан 50%-ы мөлшерінде;
- 1 жылдан астам - берешек сомасынан 100 %-ы мөлшерінде.
Мемлекеттік мекемелердің 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының қосалқы шоттарында заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына трансферттер мен субсидиялар және жеке тұлғаларға трансферттер төлеу бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар көрсетіледі.
...