Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дебиторлық берешектің есебi

Автор:   •  Май 24, 2023  •  Лекция  •  1,329 Слов (6 Страниц)  •  170 Просмотры

Страница 1 из 6

7 тақырып.  ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІН ЕСЕБІ

Дәрістің мақсаты - дебиторлық берешектің мәні және оның түрлерін қарастырып оның  есепке алу тәртібін зерттеу.

Дәріс сұрақтары:

1. Дебиторлық берешектің мәні және оның түрлері

2.  Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегін есепке алу. Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі.

3. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың есебі

4. Берілген және алынған аванстардың есебі

1.. Дебиторлық берешек дегеніміз – белгілі бір ұйым алдындағы басқа бір ұйымның, жеке азаматтың, тағы басқа дебиторлардың ақшалай түрдегі берешегі. Дебиторлық берешек дегеніміз компанияның төленбеген шоттары немесе клиенттердің компанияға қарыздары.

Дебиторлық берешек әр түрлі операциялардың жүруі барысында көбіне несиеге тауарлар алғанда, қызмет көрсеткенде пайда болады. Дебиторлық берешек – ол сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздық міндеттемелері болып табылады. Оларға:

- Алынуға тиісті қарыздар – сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің алынған тауар үшін, көрсетілген қызметтер үшін, жасалған жұмыстары үшін есеп айырысуы туралы ақпараттары.

- Күмәнді қарыздар – көрсетілген мерзімде қайтарылмаған, сәйкес кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық берешектер;

- Алынған вексельдер – белгілі бір соманы көрсетілген мерзімде, жөнелтілген тауарлар үшін төлеуді көрсететін жазбаша қарыз міндеттемелері.

- Еншілес (тәуелді) серіктестіктерінің дебиторлық берешегі - еншілес (тәуелді) серіктестіктерінің, қауымдастырылған кәсіпорындардың, бірлесіп бақыланатын тұлғалардың дебиторлық берешегінің есеп айырылысуы жайлы ақпарат;

- Қызметкерлердің берешегі - қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың есеп беруі бойынша дебиторлық берешек жағдайы, материалдық зияндар, қарыздар тағы басқа операциялар бойынша, жал міндеттемелері үшін берешектер жатады;

- Дебиторлық жал қарызы;

- Өзге де дебиторлық берешек – алынған материалдық қорлар бойынша бюджетпен төленуге тиісті қосымша құн слығы, дебиторлық берешек бойынша пайыздарды есептеу және жабу.

Негізгі капитал, қорлар, несие сияқты дебиторлық берешек ұйым үшін құралдарды үнемі қолданудың бабы болып саналады, және ол клиенттерді ынталандыруды кеңейтіп, нақты жақсы бәсеке тудыруға мүмкіндік береді.

Клиенттерді несиелендіру соммасы клиенттің қарыз міндеттемелерінен және төленбеген шоттарынан туады. Сонымен қатар оған клиенттерден алатын бағалы қағаздардан және кей талдаушылардың қосуы бойынша әлі мерзімі жетпеген дебиторлық берешектер де саналады.

Дебиторлық берешек субъектіге басқа заңды және жеке тұлғалардан түсуге тиісті қарыз сомасы. Оның пайда болуы субъектінің шаруашылық қызметіндегі объективті процесс болып табылады. Экономикалық мазмұны бойынша, дебиторлық берешек құралдары қаржылық активіндегі бір элементі болып табылады

Дебиторлық берешек келесідей топтастырылады:

а) мазмұнына байланысты:   саудалық,  саудалық емес;

б)  уақытылы түсуіне байланысты:  қалыпты, мерзімі өткен;

в)  қалыптасу мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді;

г)   мерзімі өткеніне  байланысты:  күмәнді,  үмітсіз.

2..  Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім шартта  мазмұны, тауарларды сатуды және жөнелтуді, орындалған жұмыстарды және қызметтерді атқару сұрақтары қарастырылады .

 Кәсіпорындар өздерінің тауарларын  сатқанда кезде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді, және белгілі бір мөлшерде қайтару сұрақтары қарастырылады.  Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып табылады

...

Скачать:   txt (20.9 Kb)   pdf (135.8 Kb)   docx (155.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club