Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болашақ кезеңнің шығыстары мен кірістерін есепке алу

Автор:   •  Апрель 27, 2020  •  Курсовая работа  •  4,456 Слов (18 Страниц)  •  1,313 Просмотры

Страница 1 из 18

КІРІСПЕ

     Менің тақырыбым «Болашақ кезеңнің шығыстары мен кірістерін есепке алу».Тоқсан ішіндегі есепті кезеңде туындаған кірістер мен шығыстар ағымдағы болып табылады.Есепті кезеңде туындаған,бірақ бірнеше есепті кезеңге жататын кірістер болашақ кезең кірістері. 

     Ұйымның есепті кезеңде шеккен,бірақ осы кезеңнің шығыстары ретінде танылмаған және бірнеше есепті кезеңге жататын шығындары болашақ кезеңдердің шығыстары болып табылады. Осындай шығындарға жатқызуға болады: бірнеше кезеңдер үшін төленген жалдау ақысы; бірнеше есептік кезеңдер үшін жарнамалық шығыстар мен абоненттік төлем, және бірнеше кезеңдер ішінде жөндеу жұмыстары.Алдағы кезеңдердің кірістеріне: бірнеше кезеңдер үшін алынған жалдау ақысы, өтеусіз алынған кірістер, абоненттік төлем, өткен жылдары анықталған кем шығулар бойынша алдағы түсімдер, кінәлі тұлғалардан өндіріп алу сомасы мен жетпейтін құндылықтар бойынша баланстық құн арасындағы айырма жатады.

     Әр ұйымда кірістер мен шығыстар ағымдағы кезеңдерге емес, болашаққа жататын жағдай туындайды. Бұл тақырыптың өзектілігі болашақ кезеңдердің кірістері мен шығыстарын дұрыс бухгалтерлік есепке алу кәсіпорын қызметінің табыстылығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз үрдістерді дер кезінде анықтау банкроттыққа жол бермеу үшін басшылыққа белгілі бір іс-әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.                                       Курстық жұмысты орындау барысында келесі сұрақтарға тоқталамын:

  • болашақ кезең кірістері мен шығыстары;
  • кәсіпорынның шығыстары мен кірістерін есепке алу;
  • болашақ кезеңдердің кірістері мен шығыстары есебін жетілдіру жолдары.

      Жұмысты зерттеу объектісі «Дионис-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Курстық жұмыс негізгі бөлім , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда болашақ кезеңдердің кірістері мен шығыстарының бухгалтерлік есебінің теориялық аспектілері қарастырылады. Жұмыстың екінші тарауында "Дионис-Н" кәсіпорнының экономикалық сипаттамасы қарастырылады, болашақ кезеңдердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру мен есепке алуға талдау жүргізіледі. Үшінші тарауда болашақ кезеңдердің кірістері мен шығыстарының бухгалтерлік есебін жақсарту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді. "Дионис-Н" ЖШС қаржылық жағдайын оңтайландыру бойынша ұсыныстар беріледі.

І. БОЛАШАҚ КЕЗЕҢДЕРДІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Болашақ кезең кірістері.

     Есепті кезеңде туындаған, бірақ бірнеше есепті кезеңге жататын кірістер болашақ кезең кірістері болып табылады. Есептсгі кезеңдер арасындағы осындай кезеңдерді шектеу ұйымның шаруашылық қызметін дәлме – дәл анықтау, салық салу және қаржылық есеп беруді тиімді етіп жаау үшін қажет болып табылады. Болашақ кезеңнің кірістерін есепке алу үшін 3520 және 4420 шоттары пайдаланылады. «Болашақ кезең кірістері» деп аталатын шот бойынша операциялардың есебі алдағы кезеңдегі табыстардың түрлері бойынша арнайы бағаланған тізімдемеде немесе машинограммада жүргізіледі. Алдағы кезең кірістерінің  аналитикалық есебі 3520 (4420) «Алдағы кезең кірістері» шоты бойынша № 9 бұйрық журналында айдың басындағы және аяғындағы қалдықтар туралы аналитикалық мәліметтер, сондай-ақ кейінге қалдырылған кірістердің түрлері бойынша ай сайынғы айналымдар көрсетіледі. Болашақ кезең кірістеріне жалға алушыдан жал төлемінің авансатары, өткен жылдардағы есепті кезеңде анықталған жетіспеушіліктер  үшін алдағы берешек, кінәлілерден өндіріп алынатын сома мен тауарлық – материалдық қорлардың жетіспеушілігінің баланстық құны арасындағы айырма және т.б. жатады.

    "Болашақ кезеңдердің кірістері" шотының кредиті бойынша ақша қаражатын есепке алу және дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу шоттарымен корреспонденцияда болашақ есепті кезеңдерге жататын кірістер сомасы, ал дебет бойынша – осы кірістер жататын есепті кезең басталған кезде тиісті шоттарға аударылған кірістер сомасы көрсетіледі.

     "Болашақ кезеңдердің кірістері" шотының кредиті бойынша  "материалдар",  "тауарлар",  "дайын өнім" шоттарымен корреспонденцияда өтеусіз алынған активтердің нарықтық құны көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (63.3 Kb)   pdf (248.1 Kb)   docx (39.3 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club