Ақша қаражаттарына жалпы сипаттама
Автор: Anar Serikbol • Февраль 26, 2018 • Реферат • 9,934 Слов (40 Страниц) • 1,247 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- АҚША ҚАРАЖАТТАР ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Ақша қаражаттарына жалпы сипаттама
1.2 Қолма-қол ақша қаражаттар қозғалысының есебі
1.3 Қолма-қолсыз ақша қаражаттар қозғалысының есебі
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ БОЙЫНША ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҰСЫНЫЛАТЫН ТӘЖІРИБЕЛІК НҰСҚАУЛАР
2.1 Ақша қаражатына қатысты өзекті мәселелер және ұсынылатын ұсыныстар
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрлымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде.
Атап айтқанда, ақша несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша несие қарым қатынасының; мүлде жаңа бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға барабар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда алуда коммерциялдық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді,динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған ақша-несие қарым қатынасының, банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек.
Қазіргі кезде елімізде қолданып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша көшірілді.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық суьъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халыаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша атап өтуге болады. Сонымен қатар: шағын және орташа касіпкерліеті дамытуға мемілекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күнен күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді, және де ақша қаражаттарының аудит саласында алатын орны ерекше. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады. Ақша мен несие теориясы экономиканың несиелендіру және ақша айналымының шаруашылық жүргізуші ұйымның тәжірибесімен тығыз байланыста берілді. Ақша мен несиенің ерекше белгілерін тану, олардың қоғам мен экономиканың қайта құрылуындағы міндеттемелері мен ролі, сондай-ақ олардың басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекет етуі мемлекеттің ақша-несие саясатының және қаржы-несие мекемелерінің ғылыми негізін анықтайды. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы мекеменің немесе кәсіпорынның ақша қаражатының нәтижесін анықтауды, оған қойылатын талаптарға кеңінен назар аударып, арнайы ғылыми әдістемелік негізгі принциптік жүйелерді қолданысқа енгізу қажет. Осыларды ескере отырып заман талабына сай, экономиканың үздік технологиялық есептеу машинасын қолдану аясын кеңейткен дұрыс. Сол себепті Қазақстан Республикасындағы әрбір кәсіпорындар заң тарапынан қойылған талаптарды негізге ала отырып арнайы үкімдерге сәйкес стандарттық қатынастағы белгіленген тәртіпке назар аударуға тиіс. Келісім шарттың негізінде әрбір нұсқауларға талдау жасай білу қажет. Сондықтан да осындай болған жағдайда саяси тұрақтылық уәкілеті қанағаттандыру нормаларын ықшамға келтірген дәлелдемелерді толық қамтамасыз ету қажет. Алайда әрбір ақша қаражатқа қатысты деген мәселелерді толық тұжырымдама арқылы қалпына келтіру керек. Курстық жұмысымның тақырыбы «Қолма қол ақшасыз есеп айырысу шоты»
...