Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

PON технологиясына жалпы сипаттама

Автор:   •  Июнь 13, 2018  •  Курсовая работа  •  6,739 Слов (27 Страниц)  •  1,020 Просмотры

Страница 1 из 27

КІРІСПЕ

Оптаталшықты желі белгілі бір қажеттіліктерге негізделе отырып, осыдан отыз жыл бұрын белгілі бола бастады. Желінің дамуы қарқынды өсіп отырды. Сатылай келе, толқын ұзындығы 1300 нм болатын жаңа мөлдір әйнекті игеру болып табылады, мұнда бірмодалы талшыққа өту жүзеге асты. Оның басты артықшылыңы болып, жылдамдықты көбейтуге және үлкен қашықтықта мәліметтерді таратуға мүмкіндік беруі санадлады.

Жыл өте келе, 80 жылдардың басында  мәліметтерді тарату жылдамдығы

  • 45  және  90  Мбит/с  дейін  жетті.  Ал  80  жылдардың  орта  шамасында

оптоталшықты және электронды – оптикалық құрылғылар жасау технологиясында көптеген жетістіктер болды, атап айтар болсақ, ол жетістіктер талшықты жеке қолданушылар мен ұйымдарды 10 километр шегіндегі қашықтықта қосу дәрежесіне дейін жеткізді.

Бастапқы тарату желілері екі нүктелі болып келсе, бірақ 80 жылдардың аяғында алғаш рет пассивті – оптикалық жүйе (PON) ойлап табылды. Басты ерекшелігі “нүкте – көпнүкте” топологиясын активті желілік элементтерсіз қолдануға мүмкіндік беруі.

Бүгінгі таңда пассивті оптикалық желілердің болашағы жарқын, әрі оған ешқандай күмән келтіруге болмайды. Себебі бұл технология заман талабына сай, әрі тұтынушылардың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатыны айдай анық.

Күн өткен сайын Ethernet желісі байланыстың әр түрлі қызметтерінің кең спектрін көрсетедігі дәлелденіп келеді. Әрі көптеген мамандардың есептеуі бойынша бүгінгі таңда желілер Ethernet технологиясын пайдалады. Бұл технология ақпарат тарату жылдамдығы бойыша да, даму динамикасы тұрғысынан алып қарасақ та таңдаулы болып есептеледі. Сол себепті көптеген пайдаланушылар өз ІР желісін Ethernet технологиясы негізінде құруға бел буып отыр.

Осындай толқын арқылы жіберілетін Ethernet және IP технологиясы тек қана Internet-ке кең жолақты қатынауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ мультисервистік желіні құруға мүмкіндік береді. Мультисервистік желіге телефондық трафик, мәліметтер трафигі және таратудың барлық ілеспелі қызметтері кіреді.

Дипломдық жобаның басты мақсаты — осындай желінің құрылысы, онда тұтынушының кез келген талаптарын қанағаттандыра алатын, сапалы,


жылдам жұмыс істейтін желіні кеңейтуді зерттеу болып табылады. Технологиялардың дамуына орай өткізу жолағы мен жылдамдықтың үнемі әрі қарқынды дамып отырғанын ескере отырып, кез –келген жобаланылып отырған технологияның жетілдірілуі бүкіл желіні ауыстыруға әкеліп соқпауы тиіс екенін ескерген жөн.


1 Негізгі бөлім

1.1 PON технологиясына жалпы сипаттама

Оптикалық желілер екі класска бөлінеді олар: белсенді және белсенді емес. Белсенді желі кезінде қатынау түйіні мен соңғы тұтынушы құрылғының арасында қандайда бір белсенді құрылғы (мысалы, регенератор немесе коммутатор) болады. Белсенді емес желіде бесенді құрылғылар болмайды, яғни желі тек қана белсенді емес компоненттерден құралады. Негізінде белсенді емес компоненттерге (оптикалық талшықты санамағанда) мыналар жатады: талшықты – оптикалық байланысшылар, WDM мультиплексорлары және тармақтаушылар.


Көптік қосылуды бір талшыққа біріктіру идеясын жүзеге асыруда ықпалды жеті компанияның (British Telecom, France Telecom, Deutsche Telecom, NTT, KPN, Telefoniсa и Telecom Italia) консорциумы құрылып, 1995 жылдан бастап PON (passive optical networks ) технолгиясына алғашқы қадамдар жасалынды. Бұл бейресми ұйым ITU-T қолдауымен FSAN (full service access network) деп аталды. Тоқсаныншы жылдардың соңында коптеген жаңа мүшелер,операторлер, құрылғылар өндірушілер осы ұйымға кірді. PON құрылғысына жалпы ұсыныстар мен талаптар FSAN-ң басты мақсаты болып табылып, құрылғылар өндірушілер мен операторлер PON қосылу жүйесінің бәсекелестік нарығында барлығы қатар өмір сүре алады. Қазіргі таңда FSAN-ң есептеуінде 40 операторлар мен өндірушілер жақын қарым-қатынаста жұмыс істеуде және де ITU-T,ETSI және ATM стандартталған. Технологияның басты ерекшелігі қызмет көрсету мен қосымша қорек көзін талап етпейді және де оптикалық пассивті тарамданулар (сплиттерлер) трафигін біріктіруді қолданады.

...

Скачать:   txt (103.6 Kb)   pdf (2.2 Mb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club