Шаруашылыққа жалпы сипаттама
Автор: sis1824 • Ноябрь 13, 2018 • Реферат • 1,718 Слов (7 Страниц) • 1,283 Просмотры
2 ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Шаруашылыққа жалпы сипаттама
«Айыртау Grain Company» ЖШС-і Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лавровка ауылында Ел ордамыз Астана қаласынан 394 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі таңда шаруашылық ертеңге деген нақты мақсаты бар, аяғын нық басып келе жатқан, бәсекеге қабілетті шаруашылықтардың бірі. Шаруашылық дәнді бұршақ дақылдарын және астық дақылдарын, кейбір майлы дақылдар өсірумен айналысады. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 22939 га құрайды (кесте 1), оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары 20663 га бөлінген. Шаруашылық аумағында асбұршақ, жаздық бидай, арпа (жемдік), күнбағыс, мақсары сияқты дақылдар өсіріледі.
1 – кесте. «Айыртау Grain Company» ЖШС -гі жерді пайдалану кескіні, 2018 жыл
Жер құрылымы | Га | % |
Жалпы жер көлемі | 22939 | 100 |
Барлық ауылшаруашылықта пайдаланатын жерлер, соның ішінде: | 20663 | 90 |
Шабындық | 709 | 3,1 |
Жайылым | 1384 | 6,1 |
Басқа жерлер | 183 | 0,8 |
Сонымен қорыта келгенде шаруашылықтың жалпы жер аумағы 22939 га-ды құрайды. Шаруашылықтың басты бағыты өсімдік шаруашылығы болғандықтан, оның 90%-ы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге бөлінген. Қалған 3,1 %-ы шабындық жерлер болса, ал 6,1 %-ы жайылым жерлеріне бөлінген, ал 0,8%-ы басқа жерлер иелігінде.
2.2 Шаруашылықтың ауыл-шаруашылық техникасымен қамтамасыз етілуі
Шаруашылық көптеген техникалармен жабдықталған, шаруашылықта барлығы 59 ауыл-шаруашылық көлігі бар. Оның ішінде тракторлар, комбайндар, автокөліктер, ауыл шаруашылық техникасы мен құралдары кіреді (кесте 2).
Шаруашылықтағы кейбір техникалардың қысқаша техникалық сипаттамалары:
МТЗ-80 тракторы - доңғалақты, әмбебап-жыртылған, тартқыш класты.
2 - кесте. Айыртау Grain Company ЖШС-ң а.ш. техникасымен қамтамасыз етілуі
А.ш. машиналары мен тракторлар | Шыққан жылы | Саны, дана |
1 | 2 | 3 |
Тракторлар, барлығы | 13 | |
К-700А | 2008 | 3 |
К-744 Р | 2004 | 1 |
ДТ-75 | 2005 | 2 |
«Беларус 80,1» | 2008 | 2 |
«Беларус 892» | 2011 | 1 |
МТЗ-80 | 1992 | 1 |
ОМТЗ-700А | 2005 | 1 |
Т-3069-КО | 2008 | 1 |
«Карпатец» | 2002 | 1 |
Комбайндар, барлығы | 10 | |
Сlass Mega 360 | 2004 | 2 |
Class Tucano 44 | 2007 | 4 |
Енисей – 1200 | 2003 | 4 |
Автокөліктер, барлығы | 7 | |
ГАЗ – 66 | 1990 | 2 |
Камаз – 5320 | 2004 | 5 |
Ауыл шаруашылық техникасы мен құралдары | 29 | |
Бороны БС-24 | 1995 | 4 |
Тереңқопытқыш ПГ-3-5 | 1992 | 4 |
Культиватор КПШ-9 | 2005 | 4 |
Бүріккіш ОП-2000 | 1995 | 2 |
Погрузчик грейферный ПГ-1-МТЗ (ПЭ-Ф-1БМ) | 2008 | 2 |
Полуприцеп самосвальный ПСТ-9 | 2010 | 2 |
Полуприцеп самосвальный ПТС-4-40 | 2006 | 3 |
Прицеп самосвальный НЕФАЗ-8560-12-02 | 2004 | 2 |
Сепкіш СЗС-2,1 | 2005 | 3 |
Қар тоқтатқыш СВУ-2,6 | 2005 | 1 |
Қар тоқтатқыш СВШ-10 | 1995 | 2 |
[pic 1]
...