Swot анализ Air Astana
Автор: alsikhova • Июнь 30, 2018 • Лабораторная работа • 513 Слов (3 Страниц) • 2,510 Просмотры
Альсихова Назгуль
Есеп және Аудит 16.305
AIR ASTANA
SWOT АНАЛИЗ
SWOT талдау нәтижесінде Air Astana авиакомпаниясының сыртқы факторлары мен ішкі факторларының қиылысу нүктесі ST аймағында анықталды.Яғни Air Astana компаниясы үшін Strengths(Күшті жақтары) және Treats(Қауіптері) стратегиялары тиімді болып табылады.Нәтижесінде Air Astana компаниясы өз күшті жақтарын пайдалана отырып қауіптерінен арыла алады.Мысалы бәсекелестік деңгейінің жоғары болуы компанияның №1 отандық авиакомпания ретінде қызмет көрсетуіне қауіп туғызады, себебі болашақта авикомпаниялар саны ұлғаяды, сондықтан бәсекелестік деңгейі артқан сайын авиакомпания қызметінің сапасын арттыру керек.
Сонымен қатар болашақта мамандардың дефициті авиакомпания үшін ең негізгі қауіптердің бірі болып табылады, себебі авиа жүйеде жұмыс істеу үшін қызметкерлер, әсіресе ұшақ жүргізушілері жоғары квалификациялы мамандар болуы тиіс.Бұл қауіптің алдын алу үшін авиакомпания өз қызметкерлерінің квалификациясының деңгейін белгілі бір уақыт аралығында көтеру жұмыстарымен айналысады.Сонымен қатар жаңа мамандарды дайындау мақсатында да көптеген жұмыстар жүргізіледі.Қабілеті бар және білім жоғары адамдар үшін Air Astana авиакомпаниясы Ab-Initio атты алғашқы ұшқыштарды дайындау бағдарламасы бойынша мамандандырылған оқыту жүйесін өтуге мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаға 18-34 жас аралығындағы физика және математика пәндерін жетік менгерген, және ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.Қатысушыларды іріктеу күнделікті түрде жүргізіледі және ол бірнеше кезеңдерден тұрады.
...