Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен кіммін?

Автор:   •  Февраль 12, 2023  •  Эссе  •  317 Слов (2 Страниц)  •  1,216 Просмотры

Страница 1 из 2

Керімтай Елназ 1 курс, Баспа ісі                                                                                                           Эссе

Мен кіммін?

Мен өз-өзін танитын,құқықтарын қорғай алатын ,бақытты адаммын.Себебі менің жақын адамдарым қасымда,тәуелсіз Елім бар ,жерім бар.Мен биікке ұмтылатын,сындарға шыдайтын,парызын білетін,ғажапқа сенетін,өмірге құштар жанмын.Әр адам өсе келе «мен кіммін?»деген ойға келеді.Әрине ,біз Алланың жаратқан пендесіміз.Дегенмен өзіңнің кім екеніңді дәлелдеу қиын.Адамдарға әркім әртүрлі болып көрінеді.Қанша адам болса,сонша тағдыр бар .Сондықтан да әр адам өзінше бір тұлға ретінде саналады.Біреуінің қоғамда өз орны бар ,ал біреуі өз жолынан тайып ,жаман жолға түскен.Адам талпынса биікке де ,шыңға да шыға алады. Ал қанша қалап тұрып тырыспаса,бір қадам да жасай алмайды.

Бір сөзбен айтқанда мен жас буынмын.Мен болашақ үшін өзіме мақсат қойып,алға ұмтылу үстіндемін.Ертеңгі күнім үшін қоғамда өз орнымның болуын қалағандықтан,оған әрекет жасаймын.Алдыңа мақсат қойып ,соған жетуге тырыссаң,жетістік те көп болмақ.Өзіңнің кім екеніңді және өмірлік ұстанымдарыңды жақсы білген адам,қысым көргенде дұрыс әрекет етеді.

Өмірлік ұстанымдарым қандай?

Нақты ұстанымдарың болмаса,өз-өзіңе сенімсіз боласың.Мұндайда түсін өзгертіп құбылатын хамелеон сияқты,құрдастарыңа ұқсауға тырысып бағасың.Өз ой-пікірі жоқ адамның бірден-бір белгісі-осы.Ал егер өз ұстанымдарыңнан таймасаң,басқалардың ырқына оңай көне салатын адам емес екеніңді көрсетесің.Өзіңді оң мен солын таныған адам ретінде танытсаң,тамырын терең жайған ағаш сияқты боласың.Ондай ағаш сұрапыл дауылда міз бақпай тұрады.

...

Скачать:   txt (3.3 Kb)   pdf (39.3 Kb)   docx (7.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club