D-элементтерге жалпы сипаттама.Мыс, мырыш, темір, хром
Автор: tr456 • Январь 18, 2018 • Реферат • 1,346 Слов (6 Страниц) • 3,751 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Авимед» медициналық колледжі
Реферат
Тақырыбы:d-элементтерге жалпы сипаттама.Мыс, мырыш, темір, хром.
Орындаған:_______________
Тексерген:________________
Алматы 2018ж
d элементтеріне жалпы сипаттама.
Д.И.Менделеевтің периодтық системасының қосымша топшасындағы металдарға d-элементтердің барлығы жатады. Мұндай топшалардың саны 10: скандий, титан, ванадий, хром, марганец, темір, кобальт, никель, мыс, мырыш топшалары. d- элементтердің химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s-электрон (1s электорон) болатын атомдардың электрондық құрылысымен анықталады. Бұл элементтер атомдарының сыртқы электрондары ядромен әлсіз байланысқан, оған иондану энергиясы шамасының төмендігі айғақ. Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияда металдар сияқты оң тотығу дәрежесін көрсетеді. Периодтық жүйеде d-элементтер типтік металдар мен типтік бейметалдар арасында орналасқандықтан, оларды ауыспалы элементтер деп атайды. Ауыспалы элементтердің периодтарында реттік нөмері өскенде сыртқы электрондық қабаттың құрылысы өзгермейді. Топтарда қосымша топша элементтерінің металдық қасиеттері реттік нөмері өскенде кемиді де, V және VI период металдарының қасиеттерінде біршама ұқсастықтар байқалады.
Мыс
Мыс IV периодта, I топтың қосымша топшасында орналасқан элемент. Оның электрондық формуласы мынадай:
29 Cu 1s22s22p63s23p63d104s1
Мыс атомдары қосылыстарда +1 (мысалы, Cu2O) және +2 (мысалы; CuO) тотығу дәрежелерін көрсетеді: Cu +3 болатын тұрақсыз қосылыстардың біразы белгілі (мысалы, Cu2O3).
Табиғатта таралуы. Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және көбінесе, қосылыстар түрінде кездеседі. Мыс кендерінің – табиғи минералдар құрамында мыстың мөлшері едәуір болғандықтан, одан металды бөліп алу экономикалық жағынан тиімді. Қазіргі уақытта 170-тен астам мыс құрамды минералдар белгілі, олардың ішінде 10 – 15 ғана практикалық маңызы бар. Маңызды минералдарға: халькопирид, CuFeS2
(30% мыс), халькозин мыс жылтыры Cu2S (79,8% мыс), ковелин CuS (64,4% мыс), малохит CuSO3*Cu(OH)2 (57,4% мыс), азурид 52CuSO3*Cu(OH)2 (55,5% мыс), куприд Cu2O (81,8% мыс) жатады. Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы (шамамен 6000 жыл бұрын Ежелгі Шығыста, шамамен 4000 жыл бұрын Еуропада) мыс болса керек. Ол табиғатта саф күйінде кездеседі. Өте ірі саф күйінде табылған мыс 420 тонна болды. Саф мыс басқа металдарға қарағанда едәуір көп таралған. Сондықьтан адам құрал жасау үшін алғаш рет саф мысты пайдаланған. Бұл мыс дәуірінің басталуы болды. Мысты металлургиялық балқытумен адамның өте ертеден таныс екені туралы деректер бар. Египетте мысалы, біздің заманымызға дейін IV мыңжылдықта Синай түбегінде мыс кендерін өңдеген. Ертеде мыс кендері Кипр аралында белгілі болған. Купрум сөзі мыстың латынша атауы, Ежелгі римдіктердің мыс
кен орындары болған Кипр аралының атауынан шыққан деген жорамал бар. Еліміз түсті металдар кеніне, оның ішінде мысқа бай. Мыс кен қорының үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кенді Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау-металлургия комбинатында өндіріледі. Алынуы. Мысты алу процесі едәуір күрделі. Сульфидтік мыс кендерінен пираметаллургиялық, ал оттекті құрамды кендерінен – гидрометаллургиялық жолмен өндіріледі. Гидрометаллургиялық әдістің артықшылығы кенді бетіне
бөліп шығармай-ақ металды алуға болады. Қазіргі уақытта бұл әдістің болашағы зор. Алынған мыста қоспа заттар көп болады. Мысты электролиздік тазарту (рифанирование) арқылы тазалайды. Электролиздік жолмен алынған мыстың тазалығы 96 – 99%-ке жетеді.
Физикалық қасиеттері. Мыс – ашық, қызғылт түсті, жылтыр металл. Тұтқыр, жеңіл созылады. Балқу температурасы – 10830С. Тығыздығы – 8,9 гсм3. электр тогын (күмістен кейін) жақсы өткізеді.
Химиялық қасиеті. Құрғақ ауада және кәдімгі температурада мыс
өзгермейді. Өйткені қосылыстың қорғаныш қабықшасымен қапталады, оның құрамы ауадағы қоспа зарттарға тәуелді. Жоғары температурада мыс жай және күрделі заттармен де реакцияға түседі.
Жай заттармен әрекеттесуі: Мыс – галогендермен, (кәдімгі температурада йодпен, қалғандарымен қыздырғанда) оңай әрекеттеседі:
Cu+Cl2 – CuCl2
Cu+O2 – CuO
Cu+S – CuS
Мыс сутекпен және азотпен қыздырғанда да әркеттеспейді.
Күрделі заттармен әрекеттесуі: кернеу қатарында мыс сутектен кейін
орналасқан, сондықтан ол қышқылдар тотықтырғыш болса ғана олармен әрекеттеседі.
Cu+2H2SO4 – CuSO4+SO2+2H2O
Cu+4HNO3 – Cu(NO3)2+2NO2+2H2O
Cu+4HNO3 – 3Cu(NO3)2+2NO+4H2O
Сумен және кәдімгі қышқылдың ерітінділерімен жеке мыс әрекеттеспейді, бірақ оттек қатысында баяу реакция жүре бастайды:
...