Қоспалардың шектік мөлшеріне фармакопеялық сынаулар
Автор: Gulbanu98 • Февраль 20, 2020 • Реферат • 5,911 Слов (24 Страниц) • 2,199 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан медициа академиясы
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қоспалардың шектік мөлшеріне фармакопеялық сынаулар. Қоспалардың шектік мөлшерін , сұйықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін , боялу дәрежесін сынауға арналған стандартты ерітінділер.
Орындаған: Ахылтаева.Г
Тобы: 302 А ФК
Қабылдаған:
Шымкент-2019
ЖОСПАР
I.Кіріспе
II.Қоспалардың шектік мөлшеріне сынаулар
Қоспалық иондарға сынау
Физикалық және химиялық қасиеттері бойынша тазалықты сынау
Мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрілік заттардың химилық тазалығына өте жоғары талаптар қойылады,себебі қоспалардың шектік мөлшерден артық болуы дәрілік заттардың физикалық, химиялық,фармакологиялық қасиеттеріне теріс әсер етеді. Ыластану көздеріне байланысты қоспалар жалпы технологиялық, тектес (арнайы) және кездейсоқ болып бөлінеді. Жалпы технологиялық қоспалар барлық дәрілік препараттарға тән.Аталған қоспамен ластанудың көздеріне өндіріс процесінде қолданылатын құрал – жабдықтар, реактивтер,еріткіштер жатады.Қоспалардың санын шамалап бағаалауды, қоспалардың шектік мөлшерін нормалайтын стандарттық ерітінділермен салыстыру арқылы визуальды түрде жүргізеді. Тектес (арнайы) қоспалар жалпы технологиялық қоспалардан айырмашылығы, олардың химиялық құрамы дәрілік заттардың құрамына жақын болып келеді.Қоспаның бұл түрі негізінен,бастапқы синтездеу өнімдері , ыдырау өнімдері және жартылай өнімдер болып табылады.Тектес қоспаларды сыналатын ерітіндіде химиялық реакциялармен тікелей анықтау өте қиын. Сондықтан оларды әсер етуші заттардан алдын-ала бөлуді жүргізеді және әрі қарай гравиметриялық , титриметриялық немесе физика-химиялық әдістермен анықтайды.Тектес қоспаларды анықтаудың кең тараған тәсілдеріне хроматографиялық әдістер жатады. Тектес қоспаларды анықтау және сандық бағалау үшін сұйықтықты хроматография (ЖЭСХ), газды-сұйықтықты храмотография (ГСХ) және олардың басқа әдістерімен қосылған түрлері қолданылады. Кездейсоқ қоспалар дәрілік заттардың өндірісінде , тасмалдануында және сақталуында сырттай ластану арқылы кездеседі. Дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігіне тигізетін әсерлеріне қарай қоспалар әсер етпейтін (бейтарап), әсер ететін (улы),әсері бойынша антогонистер болып бөлінеді.Бейтарап қоспалар ретінде дәрілік заттарда жалпы технологиялық қоспалар болуы мүмкін.Олар дәрілік субстанцияда көп мөлшерде болса әсер етуші заттың сандық мөлшерін төмендетеді.Сондықтан дәрілік заттардағы қоспалардың шектік мөлшері нормаланады.Антогонистер (натрий прпаратындағы калий,магний препарттарындағы кальций ) және улы қоспалар (рентгеноскопияға арналған барий сульфатында еритін барий тұздары ) жіберілмейді. Қоспалар нормалануына байланысты жіберілмейтін және жіберілетін түрлерге бөлінеді.Жіберілмейтін қоспалар теріс реакциялар бойынша (реакция жүрмейді), ал жіберілетін түрлерге бөлінеді.Жіберілемейтін және жіберілмейтін түрлерге бөлінеді.Жіберілмейтін қоспалар теріс реакциялар бойынша (реакция жүриейді), ал жіберілетін қоспалар стандартты ерітінділермен салыстыру арқылы анықталады. Жіберілетін қоспаларды сезімталдығы жоғары , арнайы химиялық реакциялар арқылы анықтайды.Сезімталдығының жоғарылығы қоспа ионының ең аз мөлшерін анықтауды сипаттайды, ал ерекшелігі- иондарды басқа иондардың ішінен бөліп айқындау мүмкіншілігін көрсетеді.Қоспалық иондардың шектік мөлшерлерін жартылай сандық (бағыттаушылық) бағалауды белгілі ионның шектік мөлшері көрсетілген стандартпен салыстыру арқылы жүргізеді.Қоспалардың сандық мөлшерін химиялық (титрлеу) және физика-химиялық әдістермен (спектральды , хроматографиялық ) анықтайды.
...