Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орамдардың толық жөнделуінен кейінгі асинхронды электр қозғалтқыштың соңғы сынаулары

Автор:   •  Октябрь 4, 2021  •  Реферат  •  3,137 Слов (13 Страниц)  •  426 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Электр жабдықтарын пайдалану» кафедрасы

ЕСЕП

өңдірістік тәжірибе бойынша

Тақырыбы: Орамдардың толық жөнделуінен кейінгі асинхронды электр қозғалтқыштың соңғы сынаулары

Тексерген;

аға-оқытушы

Турсунбаева А.Е.

Орындаған:

19-15 топ студенті

Шахтыбай М.О

Нұр-Сұлтан, 2021

Мазмұны

Кіріспе

3

1. Тәжірибе өткен өнеркәсіп туралы ақпарат

1.1 АҚ  «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы»

1.2 “Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы” АҚ Тарихы

1.3 Бүгінгі “Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы” АҚ

1.4 “Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы” АҚ Стратегиясы, Миссиясы

4

2. Орамдардың толық жөнделуінен кейінгі асинхронды электр қозғалтқыштың соңғы сынаулары

12

Қорытынды

18

Пайдаланылған әдебиет тізімі

19


Кіріспе

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті атындағы энергетикалық факультетінің 2-курс студенті Шахтыбай Медет Орақұлы, 16.08.2021 ж. бастап 27.08.2019 ж. аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 29а шағын-ауданы, 97 ғимаратта орналасқан АҚ «МРЭК» компаниясында өндірістік тәжірибеден өттім. Практика кезінде біліктілік сипаттамасына сәйкес оқушылардың негізгі кәсіби біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады, ұйымның (кәсіпорынның) жұмысын зерделеу негізінде білімдері кеңейтіледі, тереңдетіледі және жүйеленеді, заманауи жабдықтар мен тетіктер игеріледі, бастапқы кәсіби тәжірибе жинақталады. Оқу практикасы жұмыс орны бойынша жүргізіледі. Оқу барысында оқушы ұйымда өндірістік процестер мен заманауи жабдықтарды игеруі, арнайы пәндерді оқу кезінде алған білімдерін бекітуі, мамандық бойынша іскерліктер мен дағдыларды игеруі, оқу практикасы кезінде алған жұмысшы мамандығы бойынша іскерліктерін жетілдіруі тиіс. Тәжирибеден өту барысында біздің мақсатымыз өндіріс бөлімінің жұмысымен танысу. Практика кезінде университете алынған теориялық білімді практика жүзінде жасап қарау. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу және жоспарлау.

АҚ  «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы». Біздің компания – Маңғыстау облысында электр энергиясын беру және тарату қызметтерін көрсету нарығында үстем жағдайға ие Қазақстанның батыс өңірінің ірі кәсіпорындарының бірі. «МӨЭК» АҚ желілері бойынша тасымалданатын электр энергиясының тоқсан пайызын өңірдің ірі мұнай өндіруші компаниялары тұтынады. Компанияның мақсаты тұтынушыларды жабдықтың, қондырғылардың, құрылыстардың және беріліс құрылғыларының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін сенімді және үздіксіз электр энергисымен қамтамасыз ету болып табылады. Қоғам электрмен жабдықтау жүйесінің желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға ерекше көңіл бөледі. Біздің сайт компания және жалпы энергетика мәселелері туралы шынайы мәліметтердің тұрақты көзі ғана емес, сонымен қатар «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ қызметіне қатысты барлық серіктестермен, клиенттермен кері байланыстың сенімді тәсілі болып табылады деп үміттенеміз.

“Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы” АҚ Тарихы          1962 жылы Қазақ КСР Энергия министрлігінің құрылуымен электрлік станцияларды және жеке энергетикалық түйіндерді ірі энергетикалық жүйелерге біріктірулер басталды, бұл жұмыстар іс жүзінде 1971 жылдың басында аяқталды. Осы уақыттан бастап республиканың энергетикалық базасының жылдам өсуі басталды, бұл процестің айқындаушы факторы салалық басқару жүйесіне ауысу болды. Кейін 60-шы жылдарда Маңғышлақта мұнай өндірісінің қарқынды игерілуімен өзінің энергетикалық базасы құрыла бастады. Ұзақ уақыт бойы өңірдің энергетикасы автономды дамыды және осы өңірдегі қуат өндіретін жалғыз қайнаркөз Маңғышлақ атомдық энгергетикалық зауыты (МЭЗ) оқшау жұмыс жасады, оның іс жүзінде басқа станциялармен жүйеаралық байланысы болған жоқ. Және тек 1988 жылы Ақтау-Бейнеу-Тенгиз 220 кВ кернеуіне есептелген электр берілісінің   жүйеаралық желісінің пайдалануға енгізілуі Маңғышлақ атомдық энгергетикалық зауытына (МЭЗ) республиканың барлық энергетикалық жүйесімен параллель жұмыс жасауға мүмкіндік берді.

...

Скачать:   txt (47.6 Kb)   pdf (291.9 Kb)   docx (139.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club