Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі

Автор:   •  Ноябрь 5, 2019  •  Доклад  •  1,639 Слов (7 Страниц)  •  669 Просмотры

Страница 1 из 7

             Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

                         Шығыс Техникалық Гуманитарлық Колледжі

     

                            Реферат

              Тақырыбы:Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі

                                                                                             Орындаған:Мұратұлы Ермек

                                                                                             Тексерген:Береке Күлшәт

                                         Өскемен қаласы 2019

  Кіріспе

 Адамзат мұнайды б.з.д 6-8 ғасырларда пайдалана бастаған. Оны үй қабырғаларынан су өтпес үшін құрылыс цементіне қосуды ойлап тапқан. Сонымен қатар оны қайықтарды герметизациялауда қолданылған. Оның негізінде тері ауруларына дәрі жасап тұрғын үйлерде жарық ретінде жақты. “Мұнай’’ сөзінің қашан пайда болғаны белгісіз. Белгілі бір көзқарастар бойынша ежелгі парсы тілінен жер астынын шыққан бір нәрсе дегенді білгіреді. Алғаш рет мұнайды екі мың жыл бұрын ежелгі қытайда өндіре бастаған. Бамбукты пайдалана отырып кішігірім скважиналардан мұнай бұрғылаған. Мұнай өндіру тарихында алға қадам басу 19 ғасырдың ортасында болды. Дәл осы уақытта мұнайдан керосинді өндіру тәсілі пайда болып, алғашқы мұнай өндіру зауыттары пайда болды. 60-шы жылдары мұнайды игеру Америка Құрама Штаттарында қолға алынса Қазақстанның Атырау облысы да бұрыннан ғалым-зерттеушілердің назарында еді. Олар бұл аймақты байлық көзіне балап уақыт өте келе олардың болжамдары дәлелденді. 1892 жылы мұнай ошақтарын зерттеуге алғашқы ұсыныстар түсе бастап, облыс бойынша “Ағайынды мобелдер серіктестігі’’, “ Орал-Каспий мұнай қоғамдастығы’’, “МБ каспий ’’ іспеттес ірі зерттеу компаниялары құрылды. Мұнай қоры Доссор,Қаратон,Қарашүр жерлерінен игеріле бастады. 1899 жылдың қараша айында Ресейлік Лемон және Ком мұнай өңдеу кәсіборыны жобалаған жиырма ұңғының жетіншісін бұрғылағанда қырық метр тереңдіктен жерден күшті мұнай бұрғағы төбеге атқылай бастаған. Қара шұңғылдағы қара алтынның сапасы жоғары дәрежеде бағалынып нәтижесінде Қазақстандағы мұнай тарихының алғашқы тарауы ашылды. 1911 жылдың сәуір айында Атырау облысындағы Доссор кентінде мұнайдың жаңа көзі табылды. Бұл жерден атқылаған мұнай шашырандысының биіктігі 20-25 метрге дейінгі биіктікке көтеріліп 30 сағат бойы атқылаған ұңғыдан 16 мың пұттан аса мұнай алынды. Осы қысымның өзі жер астындағы мұнайдың қомақты екенін көрсетеді. Кеніштегі мұнай өндірісі басталғалы бері үш жыл өткенде МБ кәсіборынының айналасындағы жұмысшылырдың саны алты мың адамға жуықтады. Ал Доссор өз кезеңінде нағыз қалаға айналды. 1913 жылы Атырау облысының Махаккент аймағында жаңа ірі мұнай көзі табылды. Есеп бойынша Доссор мен Махатта бір жыл ішінде 200 мың тоннадан астам мұнай өндірілген.1930-1940 жылдары мұнай өңдеудің арқасында Атырау облысының дамуы қарқын ала бастады. Мұнда зертханалар салынып, мұнай техникумы мен кеңселері ашылды. Осы арада Байшұназ, Қосшағыл, Шұбарқұдық, Құлсары секілді жаңа мұнай ошақтары пайда болған. “Ұлы Отан’’ соғысы Қазақстанда мұнай өндіруді жеделдетуге себепші болды. Майдан көп көлемде жанармайға зәру болды. Сондықтан соғыстың барлық жылдары Орал,МБ ауданының қызметкерлері тәулігіне 12 сағат дамылсыз жұмыс істеді. Мұнайшылар мыңдаған тонна өнім өндірді. Дәл соғыс жылдары Сағыз, Жақсыбай, Комсомол, Қошқар, Тентексор көздері өндіріске берілген. Гуриев мұнай өңдеу зауытының құрылысы осы кезеңде басталды. Соғыс кезінде Қазақстанның мұнайы да жауды жеңуге зор септігін тигізді. 1950-1960-шы жылдары геологиялық зерттеу жұмыстары біршама дамыды. Қазақстанда тағыда мұнай көздері ашылды. Соның ішінде: Тереңөзек, Қара Арна ашылды. Есеп бойынша елуінші жылдардан бастап елімізде 1млн тонна өнім өндірілген. Осы шақта мұнайшылар Маңғышлақ түбегін игере бастайды. Өзенде көмірсутектің жаңа көзі ашылып оның геологиялық қоры млрд тоннадан астам деп бағаланады. 1975 жылы 16 млн тонна өнім алынып рекордтық көрсеткішке жеткен. 1965 жылы Қазақстандағы мұнай өңдеу қоры жылына 2 млн тоннадан асқан. 1970-ші жылдары Маңғышлақтың оңтүстігінде тағы бір жаңа ірі мұнай көзі Жетібай кені ашылды. 1974-ші жылға таман Маңғышлақта мұнай өңдеу жылына жылына          21 млн тоннаны құрап Қазақстан кеңес одағы бойынша екінші орынға тұрақтайды. Кейбір деректер бойынша Қазақстандағы қара алтынның идеалогиялық қоры 5-7 млрд тоннаны құрайды. Қазіргі таңда мұнай өңдеу кезінде адам ықпалына ұшырайтын өңірлердің аумағы осыдан 30 жыл бұрынғы көрсеткіштің 1/4-ін құрайды. Бұл технологияның қарқынды дамуы көлденең бұрғылау әдісі және қозғалмалы бұрғылау қондырғылары мен кіші диаметлі ұңғылаудын арқасында жүзеге асуда. Бүгінде Қазақстан мұнайын өндіру жылына 10%-ға өсіп отыр. Мамандардың айтуы бойынша мұнайды өндірудегі осы қарқынды сақтап отырсақ еліміз жақын арада әлемнің ірі өндірушілерінің біріне айналуы мүмкүн. Бүгінде мұнай-газ секторының өнімдері Еуразияның ондаған елдеріне экспортталады. Қазір Қазақстанның мұнай-газ саласы мемлекеттің ішкі өнімдерінің 1/4-ін ал ел бюджетінің шамамен 2/3 бөлігін қамтып отыр.

...

Скачать:   txt (19.4 Kb)   pdf (2.5 Mb)   docx (12.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club