Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР фармацевтикалық компаниялар жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану

Автор:   •  Декабрь 16, 2022  •  Реферат  •  5,630 Слов (23 Страниц)  •  229 Просмотры

Страница 1 из 23

6D110400 – Фармациямамандығы бойынша

философия докторы ғылыми дәрежесін ізденуге жазылған дссертациялық жұмыстың

АННОТАЦИЯСЫ

БЛАТОВ РАВИЛЬ МУСТАФАЕВИЧ

Тақырыбы: «ҚР фармацевтикалық компаниялар жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану»

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Ақпараттық технологиялардың дамуы жаһандық секілді, жеке елдердің экономикасына зор ықпал етеді және шикізаттықтан постиндустриялық және инновациялық экономикаға ӛтудің маңызды шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Кӛшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес 2050 жылға қарай елдің басты стратегиялық мақсаты әлемнің 30 дамыған бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына қосылу болып табылады. Зерттеу нәтижелері ақпараттық технологиялар индустриясының даму және олардың заманауи қоғамда қолдану деңгейі елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды фактор болып табылады. Бұл денсаулық сақтау және фармацевтикалық саланы қоса алғанда адам қызметінің барлық салаларына тікелей қатынасқа ие.

Фармацевтикалық сектордағы күшейтілген бәсеке шарттарында фармацевтикалық компаниялардың қаржы кӛрсеткіштерінің динамикалық дамуы және жақсартылуы үшін тәжірибелік қызметке ақпараттық технологияларды енгізу қажет. Дәрілік құралдарды алға жылжыту саласындағы фармацевтикалық компаниялардың клиенттерімен ӛзара әрекеттесуді жақсарту және басқару тиімділігін жоғарылату үшін ақпараттық технологияларды қолдану әсіресе ӛзекті болып табылады. Аталмыш міндеттерді шешуге бизнес- үрдістерді        және        клиенттермен                ӛзара        қарым-қатынастарды (customerrelationshipmanagementsystem, CRM-жүйесі) және тұйықталған кері байланысы                бар                сандық        маркетингтік                технологияларды (closedloopmarketing,CLM-жүйесі) басқару жүйесін қоса алғанда, заманауи технологиялар кешенін енгізу ықпал етеді. Фармацевтикалық компанияларда CRM-жүйесін енгізу деректерді жүйелендіру, құрылымдау, клиенттер туралы алынған ақпараттар негізінде басқарушылық және маркетингтік шешімдерді қабылдау, қызметті оңтайландыру, адами және материалдық ресурстардың қолданылу тиімділігін жоғарылату үрдістерін сапалы жақсартады және нәтижесінде кәсіпорындардың қаржы кӛрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.

CLM-жүйелер клиент туралы, маркетингтік құралдарды бірізді бейімдеу мақсатында оның қалаулары туралы кеңейтілген ақпаратты алуға мүмкіндік беретін, сандық технологияларды қолдана отырып, клиенттермен интерактивті екі жақты ӛзара әрекеттесу жүйесі ретінде ұсынылады.

Сараптамалық бағалардың нәтижелері бойынша мекемеге CRM-жүйесін тиісті енгізу орташа алғанда сату деңгейін 20% кӛтереді, салынған 1 доллар 5,6 доллар шамасында қайтарылады, CRM-жүйесінің ұялы нұсқасына қол жетімділік ӛнімді алға жылжыту бӛлімі қызметкерінің ӛнімділігін орташа 15 % жоғарылатады.

Дәрілік құралдарды алға жылжыту сұрақтарын мемлекеттік реттеу, фармацевтикалық компаниялар ӛкілдерінің денсаулық сақтау мамандарына қол жетімділігін шектеуі, үлкен аумағы және ірі қалалардан аудандардың қашықтығы, денсаулық сақтау мамандары арасында Интернет пайдаланушылары аудиториясының кеңейтілуі жинақта вебинарлар, электронды жӛнелтулер, skype-визиттерді қоса алғанда заманауи ақпараттық технологиялар негізінде дәрігерлермен балама коммуникация арналарының енгізілу үрдісіне ықпал етеді. Аталмыш формат денсаулық сақтау саласының біруақытта бірнеше ондығынан жүздеген мамандарына дейін коммуникативті үрдіске тартуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияларды енгізу фармацевтикалық компаниялардың сыртқы ортаның ӛзгермелі шарттарына бейімделуіне ықпал етеді, бәсекелестік басымдылықты қамтамасыз етеді, клиенттердің ниеттестілігін жоғарылатады.

...

Скачать:   txt (74.3 Kb)   pdf (210.8 Kb)   docx (33.3 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club