Химиялық үдерістердің жүру заңдылықтары Химиялық термодинамика
Автор: tex6 • Март 8, 2023 • Реферат • 1,604 Слов (7 Страниц) • 263 Просмотры
3 дәріс. Химиялық үдерістердің жүру заңдылықтары Химиялық термодинамика
Жоспары:
1. Химиялық реакциялардың энергетикалық эффектісі. 2. Термохимиялық заңдар.
3. Энтальпия.
4. Энтропия.
5. Гиббс энергиясы.
Химиялық термодинамика – термодинамиканың заңдарын химия- лық процестерге қолданады; химиялық реакциялар кезінде энергияның бір түрден басқа түрге айналуын, реакциялардың бағытын және реакциялардың өздігінен жүру мүмкіндігін анықтайды. Термоди- намикада жүйе қарастырылады. Жүйе – нақты
немесе ойша бөлінген зат немесе заттар жиынтығы. Жүйелер тұйық - қоршаған ортамен энергиямен де, затпен де алмаспайтын (мысалы, термос), ашық - қоршаған ортамен энергиямен де, затпен де алмасатын (мысалы, клетка), жабық - қоршаған ортамен затпен алмаспайтын, тек энергиямен алмасатын (мысалы, жабық стақан) деп
бөлінеді.
Термодинамиканың бірінші заңы – энергия сақталу заңы бойынша
«Энергияның әр түрлі формалары бір-біріне эквивалентті мөлшерде ауысады, яғни энергия пайда болмайды немесе жоғалмайды».
Жекеленген жүйеге берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге және белгілі бір жұмыс жасауға жұмсалады.
Q = ΔU + A
ΔU – жүйенің ішкі энергиясы (жүйенің барлық бөлшектерінің атомда-рының, электрондар, молекулалардың қозғалу, молекулааралық әрекет-тесу т.б. формалары, тек жүйенің кинетикалық және потенциалдық энер-гияларынан басқасы) А – жұмыс.
Ішкі энергияның абсолюттік мәнін өлшеуге болмайды, сондықтан ішкі энергияның өзгеруін ΔU анықтайды:
ΔU = U2 - U1
Химиялық реакциялар үшін жүйенің жасайтынжұмысы А деп не-гізінен сыртқы қысымға қарсы жұмсалатын жұмысты атайды. Ол кө- лемнің өзгеруінің қысымға көбейтіндісіне тең:
А = Р-ΔV
Термодинамиканың бірінші заңын химиялық реакцияларға қол- дану жағдайлары.
Химиялық реакциялар жүру жағдайына қарай изобара-изотер- малық және изохора-изотермалық деп бөлінеді.
1) изобара-изотермалық реакциялар Р = const t = const
2) изохора-изотермалық реакциялар V = const t =const
1) Термодинамиканың 1 заңын изохора-изотермалық реакциялар үшін қолданылуы.
Q = ΔU + A = ΔU + PΔV
ΔV = 0 QV =ΔU
Көлем тұрақты жағдайда жүретін реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзегруіне жұмсалды.
2) Изобара-изотермалық реакцияларда жылу жүйенің ішкі энер- гиясын өзгертуге және сыртқы қысымға қарсы жұмыс жасауғажұмса-лады.
Qp = ΔU + A = ΔU + PΔV = (U2 – U1) + P(V2 – V1)
Мүшелерінің орнын ауыстырып теңдеуді былай жазуға болады:
Qp = (U2 + PV2) – (U1 + PV1) U +
PV = H
Qp = Н2 – Н1 = ΔН
ΔН – жүйенің энтальпиясы; изобаралық процесс кезіндегі жүйенің жылу эффектісі
Qp = -ΔН
Энтальпияның абсолюттік мәнін өлшеуге болмайды; сондықтан энтальпияның өзгеруін өлшейді.
Химиялық реакцияларда жылу бөлінуі немесе сіңірілуі мүмкін. Жылу бөліне жүретін реакциялар экзотермиялық, ал жылу сіңіре жүре-тін реакцияларды эндотермиялық деп атайды.
Реакция теңдеуінде бөлінген немесе сіңірілген жылу эффектісі көрсетілген теңдеулерді термохимиялық деп атайды. Термохимиялық теңдеуде бөлінген жылу мөлшерінің алдына «-» минус таңбасын, ал сіңі- рілген жылу мөлшерінің алдына «+» таңбасын қояды.
...