Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таллий өндірісіндегі негізгі шикізат

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Курсовая работа  •  3,808 Слов (16 Страниц)  •  518 Просмотры

Страница 1 из 16

1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Таллий өндірісіндегі негізгі  шикізат

Химико-металлургиялық цехта таллий өндірісі үшін негізгі шикізат күйдіру учаскесінің  индийлі рафинатты  экстракциялағаннан кейін металлургиялық әдіспен алынатын  сульфатты ерітінділері болып табылады. Таллийді алу экстракциялық әдіспен, яғни таза металл және құрамында 20-50 г/л кадмий бар таллийлі рафинат алу арқылы жүзеге асады. Кейін таллийлі рафинат гидролитикалық тазалауға ұшырайды және әрі қарай кадмий алу учаскесіне жіберіледі.  Таллий экстракциясына түсетін  ерітінді құрамы индий экстракциясына түсетін ерітіндіден айырмашылығы жоқ, оның мөлшері  5 мг/л аспауға тиіс  индийді қоспағанда, басқа технологиялық параметрлерге сәйкес келу керек  (1 - кесте).

1 – кесте

Бастапқы ерітінді құрамы

Компонент атауы

Мөлшері, г/л

Индий

< 0,005

Таллий

0,1-5,0

Кадмий

5,0-50

Мырыш

40-100

Мышьяк

0,3-2,0

Мыс

< 0,03

Хлор

< 6,0

Күкірт қышқылы

15-25

Таллий мен тазаланған таллийлі рафинат қоса алынатын индийлі рафинаттың қайта өңдеу схемасы:

  • Экстракция  жолымен таллийі реэкстракт және таллийлі рафинат  қоса

алынатын  таллийді алу;

  • Таллийлі рафинатты темір мен мышьяктан  гидролитикалық тазалау.

2 – кестеде  көрсетілгендей   тазаланған таллийлі рафинатты алу үшін бастапқы шикізат  таллийлі рафинат болып табылады [12].        

2 - кесте

Таллийлі рафинат құрамы

Компонент атауы

Мырыш

Кадмий

Темір

Мышьяк

Күкірт қышқылы

Мөлшері, г/л

25 – 80

20 – 50

4,0 – 25

0,5 – 1,5

20 – 25

       

Таллий экстракциясына арналған бастапқы ерітіндінің  өрт-жарылыс қаупі бар, адам терісіне түскен жағдайда теріні тітіркендіреді,  адам ағзасына түскен жағдайда ас қорыту жолдарының бұзылуына әкеп соғады [2].

 

Қолданар алдында ерітіндінің тығыздығы және қатты тұнбаның тұнып қалмауы визуалды түрде бақыланады. Температура  40 0 С болуы керек. Индий (рафинат)  экстракциясынан кейін ерітінді  өз ағынымен  № 13 ячейкадан  12 бағдары бойынша түседі,  осыдан насос арқылы таллий экстракциясына беріледі. 12 бағдары бойынша ерітінді көлемі   50 м3  аспауы тиіс.

1.2 Реагенттер

Таллий өндірісінде қолданылатын реагенттер: техникалық күкірт қышқылы; ақшыл керосин;  техникалық  калий бихроматы; сусыздандырылған  натрий сульфиті; техникалық  йод; жарықтандыратын керосин; трибутилфосфат (ТБФ); сутегінің асқын тотығы; техникалық натрий гидроксиді;  плиталар түріндегі мырыш металлы. Таллий рафинатын тазалауда қосымша түрде келесі реагенттер – техникалық кальцинирленген сода;   «Magnafloc 10» типті флокулянт [1].

1.3  Операциялар бойынша технологиялық процестің сипаттамасы

        

1.3.1 Таллий өндірісіндегі технологиялық процесс

Таллий өндірісі келесі  технологиялық процестерден тұрады:

  1. Экстракция және реэкстакция арқылы таллий ерітінділері қоса  алынатын

таллийды алу.  

  1. Таллий хроматтарын тұндыру.
  2. Таллий хроматтарын ыдырату, таллий губкасын цементациялау және

брикеттеу.

  1. Таллий брикеттерін маркалы металл дайындауға балқыту [6].

1.3.2 Таллийды сульфатты ерітінділерден экстракциялау

Таллийды  экстракциялау  экстракционды каскадта жүргізіледі, кері ағынды принциппен жұмыс істейтін (яғни, сулы және органикалық ерітінділер бір -  біріне қарама – қарсы қозғалады)  7 титанды ячейкалардан тұрады (№ 1-7). Таллий экстракциясы  № 1-4 ячейкаларда жүргізіледі,  № 5-6  ячейкалар органикамен регенерацияланған рафинатты өңдеу үшін қолданылады, рафинат шығымын азайтады. № 7 ячейкада   таллий реэкстракциясы  жүргізіледі. Органикалық фаза тұйық шеңбер бойынша жүреді -  № 1  ячейкадан шығып,  № 7 ячейкаға  реэкстракцияға түседі,  одан барлық ячейкалардан шығып  № 1  ячейкаға келеді  және әрі қарай жалғаса береді. Таллийды алуда экстрагент ретінде  құрамында 60-100 г/л йод бар тазаланған керосиндегі 50%-ті  ТБФ ерітіндісі  қолданылады.  12  бағдарынан индукционды  ротаметрмен  насос арқылы    №1 ячейкаға бастапқы ерітінді түседі.  №2  ячейкаға  дозатор арқылы  қысым резервуарынан  сульфит немесе натрий бисульфиті барады .Тотықсыздандырғыш ағынының жылдамдығы 0-30 л/сағ. Сульфит немесе  

...

Скачать:   txt (45.7 Kb)   pdf (387.9 Kb)   docx (607.6 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club