Сот-химиялық сараптау және аналитикалық диагностика
Автор: DaNa95 • Ноябрь 13, 2018 • Доклад • 407 Слов (2 Страниц) • 1,122 Просмотры
Құрметті ОҚМФА профессор оқытушылар қауымы, студенттер мен шақырылған қонақтар!
Сіздерге «Токсикологиялық химия» пәнінен өткізілген «Сот-химиялық сараптау және аналитикалық диагностика» оқу-өндірістік тәжірибесінің нәтижелерін баяндап беруге рұқсат етіңіздер.
Оқу-өндірістік тәжірибенің мақсаты: Сарапшы-химик қызметінде белгілі мақсаттарды, мәселелерді шешуде қажетті студенттердің білімін тереңдетіп бекіту және кәсіптік дағдыларды қалыптастыру болып табылды.
Оқу-өндірістік тәжірибені өтуге 3 кредит/45 сағат бөлінген. Жұмыс уақыты 6 сағаттан, жалпы тәжірибе өту мерзімі 7,5 күннен болды.
«Сот-химиялық сараптау және аналитикалық диагностика» оқу-өндірістік тәжірибесін Әділет Министрлігіне қарасты Сот сараптамалар орталығының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында және Т.Орынбаев атындағы Облыстық гипербарикалық оксигенация Орталығының токсикологиялық бөлімшесі, клиникалық зертханасында өттік.
Базадағы жетекшілеріміз өз саласының білікті, жоғары санатты химия-токсикологиялық зерттеулердің сот-медициналық сарапшылары болды.
Тәжірибе өту барысында жоспар бойынша толық-химия токсикологиялық зерттеулер жүргіздік:
Биологиялық материалдан улы заттарды бөліп алу үшін, /// Әділет Министрлігінің бұйрығына сай ұсақтап майдалаған соң, орта рН анықтап, ақзаттар мен улы заттар арасындағы байланысты бұзу үшін сәйкесінше қышқылмен қышқылдадық.
Тазарту сатысынан кейін, алынған сығындыларды экстракцияладық.
Химия-токсикологиялық зерттеулердің алдын-ала сынамаларына жататын ЖҚХ-скринингті жалпы және жеке еріткіштер жүйесінде жүргіздік.
Алынған сығындыларды бірнеше бөліктерге бөліп, хроматографиялық пластинаға микрокапилляр көмегімен енгізіп, детекциялау үшін УК-жарығын, Драгендорф, Марки және т.б. реагенттерді қолдана отырып, зерттелетін дақтың сорбциялану аймағының Rf мәнін есептеп шықтық.
Ал, сот-медицина сараптама орталығындағы газды хроматографтардың әралуан маркаларының болуы, біздің химия-токсикологиялық зерттеулерге деген қызығушылығымызды одан сайын арта түсті.
«Agilent-Technologies-6000» газды-хроматографтарының өзі, сонымен қатар масс-спектральді, жалынды-ионизацияланған детекторлары, КРИСТАЛЛ ЛЮКС 4000, ЛХМ-50 газды-хроматографтарымен тек танысып қана қоймай, сол хроматографтарда химия-токсикологиялық талдауларда бірінші орынды алатын қан мен несептегі этил спиртінің идентификациясы мен сандық мөлшерін анықтау жұмыстарын жүргіздік. Хроматографтарды калибрлеу үшін стандартты ерітінділерді дайындап, алифатты қатардағы спирттердің ұсталу уақытын нормативті құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сай екендігін тексердік.
...